Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкімет отырысы бір минут үнсіздікпен басталды

Үкімет отырысы бір минут үнсіздікпен басталды



Премьер-Министр Әлихан Смайылов Абай облысындағы өртте қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты деп хабарлады turkystan.kz.

Үкімет отырысы бір минут үнсіздікпен басталды.

«Өздеріңіз білетіндей, алапат өрт шығып, бірқатар елді мекенге қауіп төндірді. Тұрғындар эвакуацияланды. Семейде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланды. Өрт сөндіру шараларын бақылау үшін Мемлекет басшысы шетелге сапарын тоқтатты. Үйлестіру штабының отырыстары үнемі өткізіліп тұрады.

Өкінішке орай, адамдар қаза тапты, біз орман өртіне қарсы тұрған 14 адамнан айырылып қалдық. Үкімет атынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Бір минут үнсіздікпен марқұмдардың рухына тағзым етуді ұсынамын», – деді Үкімет басшысы.
13 маусым 2023 ж. 317 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9308)

03 маусым 2025 ж.

№40 (9307)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (9306)

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30