Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қазақфильм» киностудиясында өрт болды

«Қазақфильм» киностудиясында өрт болды



Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы ғимаратында өрт болды, деп хабарлайды Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

«28 мамыр күні сағат 12.22-де Бостандық ауданы, әл-Фараби даңғылы, 176 мекенжайындағы «Қазақфильм» АҚ-да декорациялар дайындайтын ағаш цехінде жұмыс үстелдері, құрал-саймандар мен терезе жақтаулары жанып кетті. От шарпыған аумақ – шамамен 10 шаршы метр. Жалынның таралуы 12.40-та оқшауландырылып, 12.42-де толығымен ауыздықталды.

Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – делінген ТЖД ақпаратында.
Мәлім етілгендей, өрттің таралу қаупі болған жоқ.
29 мамыр 2023 ж. 524 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9445)

13 қазан 2026 ж.

№77 (9444).

10 қазан 2026 ж.

№76 (9443)

06 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031