Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шиеліде шахматтан спорттық турнир өтті

Шиеліде шахматтан спорттық турнир өтті

В США и Англии захотели лишить преимущества белые фигуры в шахматах: Летние  виды: Спорт: Lenta.ru

Шахмат – ақыл-ойды дамытатын спорт түрі болып саналады. Адамның бәсекеге қабілеттілік қасиетінің дамуына бұл ойынның пайдасы көп. Сондықтан аталған спорт түрі ел ішінде жыл сайын өз деңгейінде өткізіліп келеді. Шиелі спортшылары да одан қалыс қалған емес. 

Жуырда 7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесіне орай Шиелі аудандық Жастар ресустық орталығында аудандық шахмат турнирі өткізілді.
Аталған турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімі Нұржан Ахатов, сондай-ақ аудан ардагерлері қатысты. Ең әуелі өңір басшысы Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған спорттық турнирге қатысушы барлық спортшыларға сәттілік тіледі. 

Шараның негізгі мақсаты – спортшылардың ойынға деген шеберлігін шыңдау, және салауаты өмір салтын насихаттау. Тақта тартысына 40-қа жуық азамат қатысты. Бастала сала қыза түскен додаға қатысушылар ойын барысында бар шеберліктерін салып, тартысқа толы ойын өрнегін көрсетті. Бірнеше сағатқа созылған додада қателіктерге ұрынбай қарсыластарын шаң қаптырғандардың мерейі өсті. Нәтижесінде, I орынды барлық қарсыластан оза шауып, жеңіске жеткен Жорабек Сәдібеков иемденді. Ал екінші орын Бекболат Мизамбаевқа бұйырды. Үшінші орынға ең жас қатысушы, №219 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің 9 сынып оқушысы Олжас Азатжанұлы жайғасты.

Жеңімпаздардың барлығына ақшалай және арнайы сыйлықтар табысталды. Қалған қатысушыларға алғыс хаттар үлестірілді. Сайыс соңында әуесқой шахматшылар осы турнирдің  өтуіне қолдау білдірген аудан әкімдігі мен бірқатар азаматтарға алғыс білдірді. 

Айта кетейік, 7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесіне орай ұйымдастырылған спорттық турнир енді жыл сайын өткізілетін болады.
24 мамыр 2023 ж. 207 0