Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰБТ: Биылға бөлінген грант саны белгілі болды

ҰБТ: Биылға бөлінген грант саны белгілі болды



Биылғы оқу жылына 88 мың грант бөлінді. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, биыл 18 мамырда осы жылдағы негізгі ҰБТ басталды және ол 5 шілдеге дейін жалғасады.

«Жалпы, ҰБТ-ға 166 мың талапкер өтініш тапсырды. Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың берген тапсырмасын орындауды жалғастырамыз. Бұл ретте гранттың 60 пайызы инженерлік-техникалық мамандықтарды қамтиды. Сондай-ақ, тығыз орналасқан, жаңа құрылған және батыс аймақтарындағы жастар үшін де арнайы грант бөлінген. 2023 жылы өңірлік ЖОО-ларға бөлінетін педагогикалық квота саны артып, 6280 грант бөлінді. Ал «Серпін» бағдарламасы бойынша 3653 грант бөлінді», – деді Қ.Ерғалиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, «Серпін» бағдарламасы аясында жұмыс арқылы өтеу мерзімі биыл қысқарды. Бұрын 3 жыл болса, қазір 2 жылды құрап отыр. Сондай-ақ, грантты жұмыс арқылы өтеу оқыған аймақта ғана емес, бағдарлама аясында қамтылған басқа аймақтарға да баруға болады.

«Білім беру гранттарының жалпы саны 88 мыңды құрады. Оның ішінде бакалавриатта оқу үшін 73 мың грант, магистратураға – 13 мың, докторантураға 1890 грант бөлініп отыр. Биыл грантқа құжаттарды қабылдау және оның иегерлерінің тізімін жариялау күндеріне қатысты өзгеріс болмайды. Яғни, 13-20 шілде аралығында грантқа құжаттарды қабылдауды, ал грант иегерлерінің тізімін 10 тамызға дейін жариялауды жоспарлап отырмыз. Жоғары орындарына қабылдау 25 тамызға дейін жүзеге асырылады», – деді вице-министр.
22 мамыр 2023 ж. 232 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930