Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шиелілік түлектерге грант қалай беріліп жатыр?

Шиелілік түлектерге грант қалай беріліп жатыр?

Биыл аудан бойынша 592 оқушы алтын ұя мектебінен түлеп ұшты. Оның 441-і ҰБТ-ға қатысқан.
Сондай-ақ, 263 оқушының мемлекеттік жоғары оқу орындарының гранттарын жеңіп алғаны белгілі болды. Одан бөлек аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға берілетін 390 грант пен облыс әкімі тарапынан бөлінген 22 грант үшін қазіргі уақытта конкурс жүріп жатыр. Сонда барлығы 475 грант шиелілік оқушыларға ұсынылып отыр.
Аудандық білім бөлімінің мамандары әскери грант пен ресейлік университеттерге түсем деушілерге бөлінетін грант бұдан бөлек есептеледі дейді. Жалпы, биыл аудандағы мектеп бітірушілер 100 пайыз грантпен қамтылады деп күтілуде.

14 тамыз 2019 ж. 812 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№47 (9314)

28 маусым 2025 ж.

№46 (9313)

24 маусым 2025 ж.

№45 (9312)

21 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031