Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Біздің ынтымақтастығымыз мызғымас достыққа негізделген»

«Біздің ынтымақтастығымыз мызғымас достыққа негізделген»



Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Құрмет қарауылы салтанатпен сап түзеп қарсы алды. Содан кейін екі ел басшылары бір-біріне ілтипат білдіріп, келіссөз залына қарай өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев ең алдымен, мемлекеттік сапармен келуге шақырып, құрметпен қарсы алғаны үшін  ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге шынайы ризашылығын білдірді. Сондай-ақ оны Қытай Халық Республикасының Төрағасы лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.

– Қазақстан үшін Қытай Халық Республикасының орны ерекше. Біздің ынтымақтастығымыз мызғымас достыққа және өзара қолдауға негізделген. Екіжақты қарым-қатынасты жандандыру жолындағы мақсатымыз ортақ. Аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті, өзара ықпалдастықты нығайтуды көздейтін мұратымыз да бір. Біз үшін Қытаймен мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыту өте маңызды, – деді Мемлекет басшысы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің өзара қарым-қатынасты дамытуға қосқан өлшеусіз үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді. Сондай-ақ екі елдің ынтымақтастығын жаңа белеске көтеру үшін бар күш-жігерін жұмылдыруға дайын екенін атап өтіп,  бүгінгі келіссөздер екіжақты ықпалдастыққа тың серпін беретініне сенім білдірді.

Өз кезегінде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлық ілтипат білдіріп,  70 жас мерейтойымен құттықтады.

– Осындай айтулы күні Сіз Қытайға мемлекеттік сапармен келіп отырсыз. Бұл біздің екіжақты ынтымақтастығымыздың жоғары деңгейде екенін көрсетеді және Қытаймен тығыз байланыстарыңызды тағы да растайды. Қытай мен Қазақстан қытай-қазақ қатынастарының жаңа «алтын 30 жылдығына» қадам басты. Біздің елдеріміз достық, өзара қолдау дәстүрін дамытып, тиімді ынтымақтастықты тереңдетуі қажет, – деді ҚХР Төрағасы.

Кездесу барысында тараптар екі елдің сауда-экономика, мұнай-газ,  мұнай химиясы, энергетика, білім және ғылым, қаржы салаларындағы жан-жақты ынтымақтастығын дамыту, көлік-транзит әлеуетін арттыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ олар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Келіссөздерден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин Бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Сондай-ақ екі ел делегациясы мүшелерінің  бірқатар маңызды құжатқа қол қою рәсімі өтті.
18 мамыр 2023 ж. 313 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930