Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Н.Назарбаев Қытайға мемлекеттік сапармен барады

Н.Назарбаев Қытайға мемлекеттік сапармен барады


Қазақ-қытай қарым-қатынасына жаңаша қарқын берер кездесу. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасына жасағалы отырған мемлекеттік сапары аясында ертең Қытай басшысы Си Цзиньпинмен кездесіп, бірқатар ортақ мәселені талқылайды. Демографиялық дүмпу, экономикалық қарқын. Әлемдегі екінші экономика саналатын Қытайдың саяси саxнадағы салмағын өлшеп жату да артық. Ал қазақ-қытай қатынасы шекараласы шектен асып, сенімді стратегиялық серіктестікке жеткелі қашан. Шанхай ынтымақтастығы ұйымы саммитінің қарсаңында өтетін Бейжіңдегі бұл кездесуге Нұрсұлтан Назарбаевты Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин арнайы өзі шақырған болатын. Ертең қос елдің президенттері екі елге ортақ бірқатар мәселені жоғары деңгейде талқылайды деп жоспарланып отыр. Олардың ішінде сауда-саттық, инвестиция мен индустрализация, ауыл шаруашылығы мен көлік-транзиті секілді қос елдің экономикасы үшін маңызды салалар бар.  Бұл Президент Назарбаев пен Си Цзиньпиннің 18-кездесуі болмақ. Былтыр, яғни 2017 жылдың дәл осы 7 маусымында Қытай Төрағасы біздің елге мемлекеттік сапармен келген болатын. Жалпы, соңғы 3 жылда екі елдің президенттері 10 мәрте жүздескенін ескерсек, бұл қазақ-қытай қатынасының тереңдей түскенінің бұлтартпас айғағы болса керек. Барыс-келіс жиілеген сайын алыс-берістің ауқымы да артып жатыр. Былтыр екеуара сауда 10 млрд АҚШ долларын құраған.

24.kz
06 маусым 2018 ж. 1 243 0