Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасым-Жомарт Тоқаев тазы иттердің көрмесін тамашалады

Қасым-Жомарт Тоқаев тазы иттердің көрмесін тамашалады

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Nomad» ұлттық саятшылық» қоғамдық қорының төрағасы Болат Құнанбаев тазыны сақтау, өсіру бағытында атқарылып жатқан жұмыспен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танысып өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы тазыны халықаралық деңгейде дәріптеу қажет екенін айтты.
Құмай тазы – ерекше жануар, қазақтың жеті қазынасының бірі. Біз тазы мен төбетті халықаралық деңгейде кеңірек дәріптеуіміз керек. Сыртқы істер министрлігі де міндетті түрде атсалысуы қажет. Тазыға ерекше күтім, қамқорлық керек. Бұл маңызды іс кәсібилікті талап етеді. Сол үшін арнайы заң қабылдадық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, бүгін таңертең Қасым-Жомарт Тоқаев елордада Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйлеген болатын.
21 наурыз 2023 ж. 647 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

№21 (9388)

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930