Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады

Тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады


Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жалағаш ауданына жұмыс сапары кезінде аудан халқымен кездесіп, құқық қорғау органдары басшыларымен бірге тұрғындарды жеке қабылдады. Қабылдауға барлығы 60-тан астам азамат келіп, өтініш-тілектерін жеткізді. Тұрғындар баспанаға мұқтаждық, денсаулық, білім салаларының, жұмысқа орналасудың түйткілдерін айтты. Аймақ басшысы қабылдауға келген кісілердің мәселесі бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді. Әрбір сауалдың туындау себеп-салдарын мамандар жан-жақты зерттеп, жауабы нақтыланады. Шешімі заң аясында қарастырылады. Құқық қорғау органдары басшыларының қабылдауына келген азаматтардың да мәселелері тыңдалды. Олардың әрқайсысына қойған сауалының заңдық негізі түсіндірілді.

Қабылдауға келген бір топ аналардың тұрғын үй мәселесі бойынша өтініштері оң шешім тапты. Олар жаңа кәсіп ашуға көмектескені үшін аймақ басшысына және аудан әкіміне алғыс білдірді. Сондай-ақ аудан тұрғыны Еркінбай Ақшабаев әлеуметтік осал топ санаты байынша тұрғын үй кезегінде тұрғанын айтты. Облыс әкімі кезектілікті сақтай отырып, баспана алуға жәрдемдесетінін жеткізді.

Айта кетейік, осындай форматтағы жеке қабылдаулар барлық ауданда өткізілмек.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
18 мамыр 2023 ж. 223 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031