Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қамшыбек мені Қазақстанға шақырды – Джалолов

Қамшыбек мені Қазақстанға шақырды – Джалолов


Фото: dzen.ru

Өзбекстандық боксшы, Олимпиада чемпионы Баходир Джалолов Ташкенттегі әлем чемпионатында қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаевпен жекпе-жек өткізгеннен кейін пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.

Боксшы кездесу алдында қатты толқығанын жасырмады және қазақстандық боксшымен өмірде дос екенін айтып өтті.

«Мені қолдағандардың бәріне рақмет. Мен жекпе-жекте қолдауларыңызды сезіндім. Шынымды айтсам, кездесу алдында қатты толқыдым. Ринг қожайыны болғандықтан ба, әлде басқа нәрсе ме, білмедім. Құдайға шүкір, жеңдім. Алтын медаль үшін алдымда тағы екі жекпе-жек бар.
Келесі жекпе-жектерде әдемі әрекеттер жасап, сенімді ақтауға тырысамын. Мен Қамшыбек Қонқабаевпен доспын. Ол мені Қазақстанға шақырды, өзі Өзбекстанға келді. Бұл – спорт. Кім күшті болса, сол жеңеді. Біздің арамызда ешқандай келіспеушілік жоқ. Ол өз Отанын қорғайды, ал мен өз елімнің намысын қорғаймын», – деді Джалолов sports.uz-ге.


Естеріңізге сала кетейік, Джалолов әлем чемпионатының ширек финалында Қоңқабаевпен кездескен болатын.
12 мамыр 2023 ж. 309 0

Қоғам

Лайкқа    лайық өмір іздеп...
21 қыркүйек 2026 ж. 75

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930