Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » IBF чемпионы Фалькао Жәнібек Әлиханұлын жекпе-жекке шақырды

IBF чемпионы Фалькао Жәнібек Әлиханұлын жекпе-жекке шақырды



IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы чемпион, бразилиялық боксшы Эскива Фалькао (30-0, 20 КО) WBO чемпионы титулының иегері, қазақстандық босшы Жәнібек Әлімханұлын (13-0, 8 КО) жұдырықтасуға шақырды.

Эскива Фалькао жақын арада рингке QAZAQ STYLE-мен шыққысы келетінін айтты. Ал бұған дейін ол Австралия өкілі Майкл Зерафамен (31-4, 19 КО) IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасуы тиіс еді.
Бірақ Майкл Зерафа WBA чемпионы кубалық Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 КО) жұдырықтасуды жоспарлап отыр.
Осы жағдайға байланысты Эскива Фалькао шаршы алаңға шығудың бір ғана жолын тапқан көрінеді.
Айта кетейік, IBF және WBA тұжырымдары бойынша әлем чемпионы белбеулері қазақстандық Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) тиесілі болды. Жақында GGG Эскива Фалькао мен Эрисланд Лараға қарсы жекпе-жекте титулдарын қорғаудан бас тартқаны белгілі болды.
Енді қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының жауабын күтеміз. Біраз уақыт бұрын екі боксшы бірлескен жекпе-жек өткізуді қарастырып жатқаны хабарланған еді, бірақ мәселе жалғасын таппады.
15 наурыз 2023 ж. 308 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№6 (9373)

24 қаңтар 2026 ж.

№5 (9372)

21 қаңтар 2026 ж.

№4 (9371)

17 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031