Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Жәнібек Әлімханұлы Әлем чемпионы атанды

Жәнібек Әлімханұлы Әлем чемпионы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) WBO нұсқасы бойынша орта салмақта «уақытша» чемпион атағы үшін кездесу өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Жәнібек Лас-Вегаста (АҚШ) британиялық Дэнни Дигнумға (14-0-1, 8 КО) қарсы шықты. Жекпе-жек 12 раундқа есептелген болатын. Бірінші раундта нокдаунға түскен Жәнібек екінші раундта қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті. 
Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы кәсіби бокста өзінің 12-ші жеңісіне қол жеткізді және кәсіби бокста WBO нұсқасы бойынша орта салмақта «уақытша» чемпион атанды. Британиялық боксшы үшін бұл кәсіби бокстағы алғашқы жеңіліс. 
Айта кетейік, WBO нұсқасы бойынша нағыз әлем чемпионы америкалық боксшы Деметриус Андраде (31-0, 19 КО).
22 мамыр 2022 ж. 577 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (9008)

28 маусым 2022 ж.

№50 (9007)

24 маусым 2022 ж.

№49 (9006)

21 маусым 2022 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам