Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қамшыбек Қоңқабаев WBA чемпионы атағын жеңіп алды

Қамшыбек Қоңқабаев WBA чемпионы атағын жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы MTK Kazakhstan бокс кешінде қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев пен британдық Стивен Уорд арасында жекпе-жек өтті.

Кештің басты оқиғасы қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев (3-0, 3 КО) пен ұлыбританиялық Стивен Уорд (13-1, 4 КО) арасындағы бірінші ауыр салмақтағы WBA Gold бос атағы үшін жекпе-жек болды.
Бастапқы раундта қарсыластар төмен қарқында жұмыс істеді. Қоңқабаев рингтің ортасын алып, қарсы шабуыл жасауды жөн көрген Уордты арқанға тақады. Бесінші раундта қазақстандықтың бауырына соққы тиді.
Жетінші раундта Уорд жеңіліске ұшырап, жекпе-жекті тоқтатуға тура келді. Нәтижесінде судьялардың бірауыздан шешімімен Қоңқабаев жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұл жекпе-жек Қоңқабаев үшін Токиода өткен Олимпиададан кейінгі бірінші жекпе-жек болды. Ол Токиода қола медаль жеңіп алған болатын.
Қамшыбек Қоңқабаев кәсіби бокста төрт жекпе-жек өткізіп, төрт жеңіске жетті. Ал Уорд үшін бұл жеңіліс мансабындағы екінші жеңіліс болды.
12 желтоқсан 2021 ж. 940 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930