Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қандай да бір жағдай болса...": Заманбек Нұрқаділовтің ұлы күтпеген мәлімдеме жасады

"Қандай да бір жағдай болса...": Заманбек Нұрқаділовтің ұлы күтпеген мәлімдеме жасады

"Қандай да бір жағдай болса...": Заманбек Нұрқаділовтің ұлы күтпеген мәлімдеме жасады

Қайрат Нұрқаділов суицид жасамайтынын, қандай да бір жағдай болса, халық оған сенбеуі керек екенін жеткізді.

Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов кімнен қорқатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Ол өзіне қасқана қастандық жасалса, кімді кінәлауы мүмкін екенін айтты.

"Әкеме тапсырма берген адам. Оны бәріміз білеміз. Мен кетсем де халық сұрайды. Назарбаевтың (несінен) қорқамын. Сол жақтан шығуы мүмкін. Айтамын. Қорқып тұрған жоқпын ол жағынан. Бәрі біледі оны. Кейбіреулер айта ала ма, айтпай ма. Мен айттым. Сол жақтан шығады", – деді ол.

Қайрат Нұрқаділов суицид жасамайтынын, қандай да бір жағдай болса, халық оған сенбеуі керек екенін жеткізді.

"Жоқ. Револьверім де жоқ. Жоқ (өз-өзімді атуым мүмкін емес – еск.). Сенбеңдер (cуицид жасайтыныма – еск.). Құдай қаласа, 30 жылдай тұруым керек. 80-нен асып, одан кейін көре жатармыз", – деді Қайрат Нұрқаділов.
27 сәуір 2023 ж. 232 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930