Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Танымал блогер Дәулет Мұқаев қанша үйі бар екенін айтты

Танымал блогер Дәулет Мұқаев қанша үйі бар екенін айтты

Танымал блогер Дәулет Мұқаев қанша үйі бар екенін айтты

Танымал блогер Дәулет Мұқаев қанша үйі бар екенін айтты. Ол бұл туралы "Түнгі студия" бағдарламасында Нұрлан Қоянбаевқа берген сұхбатында мәлімдеді.

Блогер бес үйі бар екенін жасырмады. Сондай-ақ, сыйға берген пәтерлері де бар екен.

"Бесеу. Біреуінде өзім тұрамын. Төртеуінде командамның балалары тұрады. Бір тұрғын үй кешенінен бірінің астынан бірін алып, жұмыс істеуге де ыңғайлы болсын деп тұрып жатыр. Осы аралықта ата-анамды Cемейден Астанаға көшірдім. Кезінде алған төрт бөлмелі үйімді соларға беріп, өзім осы жылдың басында бес бөлмелі үйге көштім. Жалғыз туған қарындасым бар. Оған туған күнінде бір бөлмелі пәтер сыйладым", – дейді ол.

Сондай-ақ, ол балаларына арнап ақша жинап жатыр екен. Дәулеттің сөзінше, бұл ақша олардың болашағына арналған.

"Мақтанғаным емес, үш баламда да депозиті бар. Шамам жеткенше 50-60 мыңнан салып отырамын. Қазір қарасам, үлкен қызымда бір үйдің жарты ақшасы жиналыпты", – деді ол.
27 наурыз 2023 ж. 252 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930