Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Невролог есінеу қауіпті аурулардың белгісі болуы мүмкін екенін айтты

Невролог есінеу қауіпті аурулардың белгісі болуы мүмкін екенін айтты

Невролог, психоневролог, медицина ғылымдарының кандидаты Ольга Голубинская Sputnik радиосына берген сұхбатында есінеу қауіпті аурулардың белгісі болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Маман есінеу мидың белсенді болуына мүмкіндік беретін рефлекторлық процесс екенін атап өтті. Әдетте адам ұйықтағысы немесе демалғысы келгенде есінейді.
Алайда адам үнемі есіней берсе, бұл ауыр аурулардың белгісі болуы ықтимал.
Дәрігердің айтуынша, есінеу жүрек жеткіліксіздігін көрсетеді.
"Ұйқының бұзылуымен байланысты психикалық бұзылулар — невроздар, депрессия, үнемі есіну пайда болуы мүмкін", — деп қосты дәрігер.
Голубинская егер есінеу кейбір ілеспе белгілер аясында пайда болса, дәрігермен кеңесу керек екенін атап өтті.
"Астения, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, концентрацияның бұзылуы, алаңдаушылық, бас ауруы, көңіл-күйдің төмендеуі, қысымның төмендеуі сияқты құбылыстар бар. Көбіне вегетативті белгілер адамды есінеуге итермелейді", - деді ол.
26 сәуір 2021 ж. 753 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30