Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Күндіз ұзақ ұйықтау қауіпті

Күндіз ұзақ ұйықтау қауіпті

Ұйқы режимін зерттеген ғалымдар, ұзақ ұйықтаудың адам денсаулығына қауіпті екенін анықтап отыр.
Сеченовский университеті медицина бөлімінің меңгерушісі болып қызмет ететін Михаил Полуэктов түндегі ұйқыға қарағанда күндізгі ұйқының қауіпті емес екенін айтты. Дегенмен, бұл әрекет басым болып кетсе, адам сырқатының белгісі болуы ықтимал, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ria.ru-ға сілтеме жасап.

EurekAlert! сайтында осыған дейін қытайлық ғалымдардың зерттеуі туралы мәлімет жарияланған еді. Сол зерттеудің нәтижесіне сәйкес, күндіз 9-10 сағаттан артық ұйықтайтын адамдарда инсульт алу қаупі жоғары екендігі анықталған.

Ал мамандар күндіз 30 минуттан артық ұйықтауға кеңес береді.

"Күндізгі уақытта 10-20-30 минуттай ұйықтаса, жүрек-қан тамырлары дертіне шалдығу қаупі төмендейді. Егер бұл мөлшерден көбірек ұйықтаса, жүрек-қан тамырлары ауруына шалдығу қауіптілігі арта түспек. Күндіз көп ұйықтауға бейімділер белгілі бір дертке шалдыққан болуы да ықтимал", - дейді дәрігерлер.

Мамандардың сөзіне сенсек, күндіз көп ұйықтайтын адамдардың инсульт алу қаупі жоғары екен. Яғни, тым көп ұйықтау - организмнің қандай да бір бөлігінің дұрыс жұмыс істемейтіндігінің дәлелі. Тіпті, мұның арты жүйке немесе жүрек-қантамыр жүйесінің кінәратынан болуы мүмкін.
15 мамыр 2020 ж. 714 0