Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Маубастық адам денсаулығына үлкен зиян келтіретінін білесіз бе?

Маубастық адам денсаулығына үлкен зиян келтіретінін білесіз бе?


Адамдар тәулігіне кемінде неше сағат ұйықтау керектігін анықтауға тырысқан ғалымдар маубастықтың денсаулыққа орасан зиян келтіретінін анықтады. Бұл туралы 
NUR.KZ порталы Oxu.Az сайтына сілтеме жасап жазады.
Еуропалық кардиология қоғамының ғалымдары неше сағат ұйықтау адам денсаулығына пайдалы екенін анықтау үшін тоғыз жыл бойы ауқымды зерттеу жүргізген.
Бір миллионнан астам адамның денсаулығын жіті бақылаған зерттеушілер алты сағаттан аз ұйықтайтын адамдардың инсультке шалдығу қаупы 11 пайызға артатынын анықтайды.
Бір қызығы, көп ұйықтау адамның жүрек жұмысына аз ұйықтағаннан гөрі көбірек зиян келтіретін болып шықты. Сегіз сағаттан артық ұйықтайтын адамдардың инсультқа шалдығу қаупі 33 пайызға арта түседі екен.
Одан бөлек тым көп ұйықтау адам психикасына да кері әсер ететіні белгілі болған.
08 наурыз 2019 ж. 1 066 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930