Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ишемиялық инсульттің жеті белгісі аталды

Ишемиялық инсульттің жеті белгісі аталды

Ресейлік невролог дәрігер Аминат Долова АиФ басылымына берген сұхбатында ишемиялық (жасырын) инсульттің белгілерін атады. Невролог инсульттің бұл түрі ешқандай белгісіз өтуі мүмкін еместігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 
"Жасырын инсульт - ми қан айналымының жедел бұзылуы. Ол жағдайда айқын клиникалық белгілер байқалмайды және көбіне миды компьютерлік немесе магниттік-резонанстық томографиядан өткізу нәтижесіне қарай ретроспективті түрде диагноз қойылады", - деп түсіндірді Долова.Невролог жасырын инсульт белгілеріне назар аударуға кеңес берді:
  • кенеттен бас айналу;
  • жүріс-тұрыстың бұзылу проблемалары;
  • көру қабілетінің бұзылуы;
  • страбизмнің дамуы;
  • сөйлеу анықтығын жоғалту;
  • беттің асимметриясы (біраз уақыт өткен соң);
  • ұйқышылдық, аяқ-қолда әлсіздік пайда болуы.
Ол мұндай белгілер жиі қайталанса, дәрігермен кеңесу қажет екенін атап өтті. Тек тексеруден кейін диагноз расталуы немесе жоққа шығуы мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін дәрігерлер коронавирус жұқтырған науқастарда қандай неврологиялық асқынулар болуы мүмкін екенін айтқан. Олардың айтуынша, коронавирус жұқтырған кезде инсульт алу мүмкіндігі көбірек, шамамен алты пайыз. Бұл инфекция жұқтырған соң бірнеше аптадан кейін пайда болуы мүмкін.

https://kaz.tengrinews.kz
10 ақпан 2021 ж. 483 0