Ғалымдар қатерлі ісіктің байқалмайтын белгілерін атады
Лондонның сарапшылары мидағы қатерлі ісік дамуының басталуын көрсететін белгілерді анықтады. Зерттеу көрсеткендей, науқастар көбіне бұл белгілерге аса мән бермей жүре берген.
Ми ісігі бар адамдар назарын ауру белгілеріне аудармаған. Науқастарлың көпшілігінің есте сақтау қабілетінің бұзылып, салмағының тұрақсыздығы байқалды. Зерттеуде науқастардың аты-жөні көрсетілмейді, тек жыныстық және жас топтары ғана аталды. Қатерлі ісігі бар науқастар бұл белгілерді маңызды емес деп немқұрайлы қарады, сондықтан дереу дәрігерлерге бармаған."Мен күндіз ұйықтай бастадым, бірақ кейін мен қазір 50 жастамын ғой де ойлана бастадым", - деді 51-60 жастағы әйел.
40 жастан асқан тағы бір әйел өзінің тілінің күрмеле бастағанын айтты. 61-70 жас аралығындағы ер адам ыдыстарды жуып тұрып төмен қарай еңкейіп кеткенін айтты. Бірақ дәрігерге баруды ойлаған жоқ.
«Мен мұны жұмысымның ауырлығынан деп ойладым өйткені мұғалімдердің жұмысы ауыр», - дейді 31 жастан 40 жасқа дейінгі топтағы әйел.
Науқастардың көпшілігі дәрігерге көруі нашарлағаннан кейін немесе инсульт немесе деменцияға күдік туындағаннан кейін ғана барды. Кейбіреулер дәрігерге тек жақын туыстарын талап еткен жағдайда ғана барады. Мидың қатерлі ісігі органның жасушаларының реттелмейтін бөлігінің бұзылуына байланысты болуы мүмкін.
Stan.kz