Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Онкологиялық аурулардың алдын алу үшін не істеу керек?

Онкологиялық аурулардың алдын алу үшін не істеу керек?

 

Біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемде онкологиялық аурулардың түрі де, оларға шалдыққан науқастардың саны да көбеюде. Көптеген адамдардың бұл диагнозды үкім ретінде қабылдайтыны рас. Бірақ қазіргі заманғы медицина мен ғылым онкологиялық аурулардың басым бөлігін емдеуге мүмкіндік береді. Оларды емдеуге жыл сайын миллиардтаған қаражат бөлінеді.

Биыл ол қаражат көлемі тағы да біршама артты. «Астана қаласы бойынша онкологиялық аурулар бойынша 2018 жылы 3 782 678 теңге бөлінсе, осы жылы 4 708 215 теңге бөлініп отыр. Сондай-ақ онкологиялық бағдарламалар шеңберінде қосымша қаражат қарастырылған», - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Медицина тілінде онкология - гректің «қатерлі ісік және ілім» деген сөзін білдіреді. Обыр жасушасы тез өсіп, белгілі бір уақытта қан және лимфа тамырлары арқылы ағзаның мүшелеріне тарайды немесе балалайды. Сөйтіп, жылына жер бетінде миллиондаған адамдардың өмірін жалмайды. Бұл көрсеткішті азайту жолында дәрігерлер қолдан келген мүмкіндікті жасауда.

Ал әр адам өз тарапынан не істей алады?

Дәрігерге дер кезінде қаралу арқылы аурудың қаупін азайта алады. Егер дер кезінде скринингтік зерттеулер жүргізілсе, онкологиялық аурулардың басым бөлігін ерте анықтауға болады. Обырды дер кезінде анықтау ем-домның нәтижесін арттырып, пациенттердің өмірін ұзартуға, өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Мысалы, сүт безі обырын бастапқы кезеңде анықтаған жағдайда науқастардың 94% толық емдеп жазуға болады. Кейбір азаматтар онкология диспансеріне жіберген кезде қорқып, 3-4 ай немесе 1-2 жылға дейін бармай, аты жаман ауруды өздері өршітіп алады. 1-2 жыл жүргеннен кейін қатерлі ісікті тоқтату қиын, ары қарай өсе береді. Басқа бір факторлар әсер ететін болса, тіпті қиын. Кейбір науқастар ісікті қыздырады немесе массаж жасайды. Қатерлі де, қатерсіз де ісіктерді олай үгіп, уқалап (массаж жасап), басқа нәрселермен қыздыруға мүлдем болмайды. Ондайда қатерлі ісік өрши береді. Өршіген сайын жасалған емнің де тиімділігі төмендей береді. Науқастар дәрігерге обырдың жаңа басталып келе жатқан сатысында келетін болса, тағайындалған емнің тиімділігі, нәтижесі жоғары болады.

Қатерлі ісік қайдан пайда болады?

Қатерлі ісіктің қайдан пайда болатынын дөп басып айту қиын. Қатерлі ісіктің пайда болғаны, өкінішке орай, адамға бірден білінбейді. Тек ісік өскен кезде, жан-жағындағы үлкен жүйке талшықтарын, тамырларын немесе асқазан, тік ішек, т.б. секілді ағза мүшелерінің саңылауын жапқан кезде ғана байқалады. Қатерлі ісіктің пайда болу ошақтарының бірі - созылмалы аурулар. Сондықтан созылмалы ауруларды уақытылы емдеткен дұрыс.

Деректер 2018 жылдың соңындағы есеп деректері бойынша Астанада 9665 адам қатерлі ісік бойынша диспансерлік есепте тұр. Оның 1846-сына қатерлі диагноз алғаш рет қойылған. Елімізде онкологиялық аурулардың ішінде сүт безі, жатыр мойны, тік ішек, асқазан және өңеш, простата безінің қатерлі ісігі сынды түрлері көп кездеседі. 2018 жылы сүт безі қатерлі ісігінен 315 әйел көз жұмған. Өкпе обыры 754 адамның, ұйқы безі обыры 202 науқастың өліміне себепші болды.

Алдын алуға бола ма?

Профилактикалық тексерулер мен скринингтерден өтіп тұрыңыз. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаровтың айтуынша, 2019 жылы, жалпы, профилактикалық тексерулер үшін 237 млн 342 мың теңге бөлінген.

Скрининг – шағын болса да ең қажетті деген тексерулерден тұратын зерттеулер кешені. Көпшіліктің тегін жасалатын осы тексерулерден өтпейтіні жасырын емес. Оның себебі – адамдар жаман хабар естуден қорқып дәрігерге қаралмайды. Дегенмен ауруды ерте анықтаған жағдайда оны емдеу де оңай болатынын ұмытпаған жөн.
24.kz
06 ақпан 2019 ж. 1 515 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930