Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында тұрғындарды электронды төлқұжатпен қамту 95,6% құрайды

Қызылорда облысында тұрғындарды электронды төлқұжатпен қамту 95,6% құрайды


Соңғы 5 жылда Қызылорда облысында республикалық және облыстық бюджет қаржысынан 54 амбулаториялық нысан жаңадан салынды. Елді мекендердегі бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарының 63% жаңартылды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынуы жоспарланған 18 дәрігерлік амбулаторияның 12-нің құрылысы басталды, 1 қалалық емхана салынуда деп хабарлайды Қызылорда облысы бойынша zakon.kz тілшісі.
Сонымен қатар, медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында аймақтық дәрігерлердің жүктемесін азайту көзделуде. 2017 жылы жаңадан 34 аймақ ашылса, осы жылдың қыркүйегінен бастап облыс бойынша қосымша 21 аймақ ашу үшін жұмыстар жасалуда. Биыл 92 жас маман жұмысқа қабылданып, оның 60% бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарына жіберілген. Қазіргі таңда БМСК ұйымдарының дәрігермен қамтылу көрсеткіші 95% жеткен.
Қазіргі таңда Қызылорда қаласының сол жағалуынан 300 төсек орынға арналған көпсалалы онкология ауруханасын салу жоспарлануда. Оның жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге қаржы бөлініп, жыл соңына дейін мемлекеттік сараптама қорытындысы алынады.
Облыста онкологиялық аурулардың алдын алу, оларды емдеуде көптеген тың тәсілдер енгізіліп отыр. 2016 жылы паллиативті көмек көрсететін бөлімше ашылса, биыл диагностикалық палаталар келушілерге қызмет көрсетуде.
Бұл арқылы қысқа уақытта күмәнді онкологиялық ауруларды анықтауға қол жеткізілсе, паллиативті көмек ІV сатыдағы сырқаттардың ем алуына жағдай туғызуда. Сондай-ақ, орталық Корея елінің жетекші клиникаларымен меморандумға қол қойылды.
Облыс тұрғындарын электронды төлқұжатпен қамту 95,6% құрайды. Ал, диспансерлік есепте тұратын науқастарды цифрлы жүйемен қамту 33,4% жеткен. Бұл созылмалы аурулары бар науқастардың тізімін автоматты түрде қалыптастыруға, рецепттерді онлайн ұзартуға, пациенттердің денсаулық жай-күйлері туралы деректерді онлайн беруге мүмкіндік туғызады.

Источник: zakon.kz

25 қазан 2018 ж. 959 0