Алматыда ісік ауруларын анықтайтын орталық ашылды
Қазақтың онкология және радиология институты негізінде позитронды-эмиссиялық томография орталығы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Мұнда орнатылған заманауи қондырғының көмегімен ісік ауруларының 90%-ға жуығын анықтауға болады. Медициналық мекеме мемлекеттік және жекеменшік әріптестік негізінде ашылып отыр. Оған түркиялық компания 1,5 млн теңге көлемінде инвестиция салған. Бүгін осы жобаның таныстырылымы өтті. «Жалпы елімізде онкологиялық аурулар саны жыл сайын көбейіп келеді. Бір ғана өкпе ісігі дертіне жылына 4 мыңға жуық адам шалдығады», - дейді дәрігерлер. Гоненч Дирик, инвестор: - Осы уақытқа дейін орталықтан 150 адам тексеріліп шықты. Мұнда ісік ауруларының 90%-ын анықтауға болады. Сондай-ақ радиологиялық бағдарлама бар. Соның көмегімен науқас дерті туралы ақпаратты шетелдік дәрігерлерге тікелей жіберіп, кеңес алуға болады. Жандос Аманқұлов, радиолог: - Оған дейін көптеген аурулардың жалпы стадиясын анықтау үшін жеке компютерлік томографияны өкпеге түсіретінбіз, құрсақ қуысын түсіретінбіз. Метоздары қаншалықты бар ма, жоқ па соны анықтау үшін. Ал қазір ПЭТ КТ пайда болғаннан кейін бір тексеру көлемінде бүкіл денені түсіреміз де, сол онкологиялық аурудың қаншалықты таралғандығын анықтап бере аламыз.
www.24.kz