Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ: ИНСУЛЬТТІҢ АЛҒАШҚЫ БЕЛГІЛЕРІ

БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ: ИНСУЛЬТТІҢ АЛҒАШҚЫ БЕЛГІЛЕРІ



Инсульт – мидағы қан тамырларының қызметінің кенеттен бұзылып, миға қанның құйылуы. Оның әсерінен мидың қан тамыршалары бітеледі, ал бұл қанның ұюына әкеп соқтырады. Жыл сайын миға қан құйылуы салдарынан миллиондаған адам қаза табады. Инсульт алған адамды дереу құтқармаса, салданып (паралич) қалуы мүмкін. Және құтқаруға сіздің үш-ақ сағат уақытыңыз бар. Бүгінгі жазбамыздан инсульттің алғашқы белгілерімен таныс боласыздар. Инсультпен ауырып тұрған адамның күйін мынадай 4 қарапайым белгіcі арқылы тануға болады. 

* Науқастан күлуін өтініңіз (ол талпынуы мүмкін, бірақ, күле алмайды ) 

* Әңгімеге тартыңыз (мысалы, «бүгін ауа райы керемет, солай ма?» десеңіз, сөйлеуге қиналады немесе сөйлей алмайды) 

* Екі қолын қатар көтеруін өтініңіз (ол бұны істей алмайды не ақырын ғана көтере салады) 

* Тілін шығаруын өтініңіз (тілі жыбырлап не қайырылып тұрады) 

Егер өтініштеріңізге байланысты қиындықтар туып жатса, міндетті түрде жедел-жәрдемге хабарласыңыз. Болған жайттың бәрін нақтылап түсіндірсеңіз, олар сіздерге арнайы құтқару тобын жібереді. 

Инсульт аяқ астынан туады. Біз айтқан кеңестерді түсініп алсаңыз, инсульт алған адамға көмектесе аласыз. Ең бастысы, уайымға берілмеңіз, өйткені адам өмірі – сіздің қолыңызда. Осындай керек деректерді достарыңызға айта жүрсеңіз, адам өмірін сақтау мүмкіндігі артар еді. Ал, біз алғашқы көмек көрсету үлгілерін алдағы жазбаларымызда айтатын боламыз.

Дереккөз Reactor
01 ақпан 2019 ж. 1 824 0