Аллергиядан қалай аман қалуға болады?
Көптеген адамдар аллергияны тұмау немесе терідегі қызыл бөртпе деп түсінеді. Ыңғайсыз, әрине, бірақ өмір сүруге болады. Алайда, кейде аллергиямен өмір сүру мүмкін емес, мыңдаған адам аллергиядан туындаған анафилактикалық сандырақтан көз жұмады. Аллергия – иммунды жүйенің белгілі бір ақуыздарға «қате» реакциясы. Адам ағзасы бір қарағанда, зиянсыз (мысалы, гүл тозаңы немесе жержаңғақ майы) заттарды уыттай қабылдап, олармен күресе бастайды. Қарапайым аллергиялық реакцияға ісіну, терідегі бөртпелер мен жөтел жатады. Бірақ, кейде реакцияның ауырлығы соншама, науқастың өліп кетуі мүмкін. Мұндай күйді анафилактикалық сандырақ деп атайды. 1. Сонымен бұл дерттен қалай сақтануға болады? Анафилактикалық сандырақ кез келген аллергенге жауап ретінде басталуы мүмкін. Кезең-кезеңімен көрсетсек, оның даму жолы төмендегідей: Аллерген ағзаға түседі. Мысалы, демалғанда немесе тамақтанғанда. Ағза аллергенді қауіпті уыт деп қабылдап, оған қарсы дене (антитела) түзей бастайды. Бұл қарсы денелер «токсинды» жоюға тырысады. Қарсы денелер аллергенмен қосылып, ағзада гистамин бөлінеді. Гистамин – ағзаның түрлі физикалық қызметін реттейтін зат (мұндай заттарды нейромедиатор деп атайды). Атап айтқанда, ол артерия қысымын төмендетіп, тамырларды ұлғайтуы мүмкін. Тамырлардың ұлғаюы – ағзаның қорғану реакциясы. Тамырдың ұлғаюынан ісіну пайда болады. Ол бөгде аллергеннің таралуын шектейді, ал қан тамырларының кеңеюі қажетті заттар мен реактивті жасушалардың (лейкоциттердің) жылдам жеткізілуін қамтамасыз етеді. Гистамин тым көп бөлініп, тамырлар ісікпен кептеледі. Қан айналымы азайып, ми мен басқа да органдарға оттегі жеткізілуі шектеледі. 2. Оттегі жетіспеушілігі мен тамырдың тарылуы немен қауіпті? Ісіктер мен терідегі бөртпе Тыныстың тарылуы Іш ауруы, диарея және құсу Қан тамырының тарылуы. Бұл өз кезегінде миокард инфарктісі мен аритмияның пайда болуына себепші болуы мүмкін. Есеңгіреу (миға қанның тым аз жеткізілуі) Анафилактикалық сандыраққа душар болған жүз адамның біреуі қайтыс болады. Көбіне, науқасқа уақытылы жәрдем көрсетілмегендіктен, көз жұмады. 88 пайыз жағдайда жүрек-қан тамыры жүйесінің бұзылуы өлімге әкеледі. 3. Анафилактикалық сандырақ кез келген аллергиямен ауыратын науқаста болуы мүмкін. Сондықтан, оның алдын алу үшін аллергеннен неғұрлым қашық болыңыз. Егер аллергияңыз тым ауыр болса, өзіңізбен бірге сіздің аллерген жазылған карточканы алып жүріңіз. Анафилактикалық сандырақтың қандай да бір белгісін байқаған жағдайда, ойланбастан жедел жәрдем шақырып, ауруды қоздырған аллергеннен тезірек арылыңыз. Көптеген жағдайда, уақытында көрсетілген медициналық жәрдем бұл ауыр аллергиялық реакцияға шалддыққан науқасты ажалдан аман алып қалады.
Massaget.kz
Massaget.kz