Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұрат Әшірбеков: «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ең жоғарғы сома 8,6 млн. теңге

Мұрат Әшірбеков: «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ең жоғарғы сома 8,6 млн. теңге



Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту және әлеуметтік мәселелерін жедел шешу мақсатында Үкімет «АМАNАТ» партиясымен бірлесіп, бүкіл Қазақстан бойынша «Ауыл аманаты» жобасын іске қосты.

Жобаны өңірде  іске асыру мақсатында аудан әкімдігінің мәжіліс залында Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатовтың төрағалығымен жиын өтті. «Ауыл Аманаты» жобасы аясында өңірге бөлініп отырған «2,5 пайыздық 3 млрд теңге көлеміндегі несие қаражатын ұтымды пайдаланудың жолдары» тақырыбында жиын өтті.

Басқосуға аудандық мәслихат төрағасы Айтбай Жандарбеков, жауапты бөлім басшылары мен кент әкімі және ауылдық округ әкімдері «зум» желісі арқылы қатысты.

Жиын барысында аудан әкімі 2,5 пайыздық несие қаражатын алудың жолдары мен шарттарын тұрғындарға толықтай түсіндіру керектігін айтып, ауылдық округ әкімдеріне бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Келесі кезекте, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Мұрат Әшірбеков сөз алып, жобаның шарттары мен қаржыландыру бағыттарын түсіндірді.

«Ауыл Аманаты» жобасының негізгі қаржыландыру өңдеу саласы, өсімдік шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы кооперативтерін жабдықтау, мал шаруашылығын дамыту және басқа бағыттағы бизнес жобалар бойынша бағытталған. Несие мерзімі 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығындағы жобалар үшін 7 жылға дейін көзделген. Ең жоғарғы сомасы – ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда 8,6 млн теңге, зәкірлік кооперация – шағын және орта шаруа қожалықтары және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін 27,6 млн теңге дейін беріледі. Сыйақы мөлшері жылына 2,5 пайыздан аспайды», – деді бөлім басшысы.

Несие талабы бойынша несие алушы жеке кәсіпкер ретінде тіркеуде болуы тиіс, басқа несиелері бойынша мерзімі өткен жарналар және мемлекеттік кірістер органдарында берешек болмауы тиіс. Сонымен қатар кепілмен қамтамасыз ету, зейнет жасына жетпегені және ауыл шаруашылығын жүргізу үшін қажетті жер телімі, қораның болуы да маңызды.

Жоба әкімшісі ретінде облыстық ауыл шаруашылығы және қатынастары басқармасы белгіленсе, сенімді өкіл ретінде «Байқоңыр» ӘКК» ҰҚ» белгіленіп отыр. Ал, жоба «Өңірлік инвестиция орталығы» МҚҰ арқылы жүзеге асырылатын болады.
26 сәуір 2023 ж. 210 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031