Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Тас көшкіні»: Аюсай шатқалына блокбекеттер қойылды

«Тас көшкіні»: Аюсай шатқалына блокбекеттер қойылды


Фото: әлеуметтік желіден алынды

Алматы қаласының Аюсай шатқалында тас көшкіні жүріп, сарқырамаларға апаратын жолды тастар басып қалды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"7 сәуірде Алматы қалалық ТЖД ұсынысы бойынша халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "бірінші сарқырама" ауданындағы туристік соқпақтағы Аюсай визит-орталығымен қызметкерлерінің қатарынан шектеу блок-бекеті орнатылды. 10 сәуірде, күннің екінші жартысында "екінші" және "үшінші" сарқырамаға баратын жолда тас көшкіні болды", - деді Алматы ТЖД өкілдері.

"Қазселденқорғау" мамандарының шамамен бағалауынша түскен тастардың көлемі 5 текше метр болған.

"Халықтың тауға шығуын шектеу бойынша бұрын қабылданған алдын алу шараларына байланысты құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Мүдделі ұйымдармен блок-бекеттер қою бойынша профилактикалық жұмыс жалғасады", - деді Алматы қаласы ТЖ Департаментінің өкілдері.
11 сәуір 2023 ж. 302 0