Қазақстан аумағында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Жауын-шашын мен қар жамылғысының әсерінен қар көшкіні жүреді. "Қатты жауын-шашынға және қар жамылғысының тау беткейіндегі тұрақсыз күйіне байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында 2 – 3 ақпан аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы тік жартастарға шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар", - дейді синоптиктер. Солтүстік-батыс циклонының жырасы Қазақстан территориясы арқылы тез жылжи отырып, еліміздің солтүстік бөлігінде қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын, көктайғақ, желдің күшеюін, сонымен қатар ауа температурысының жоғарлауын алып келеді. Ал республиканың оңтүстік бөлігі жоғары қысым аумағында орналасатын болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман күтіледі.