Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Үндістанда лай көшкіні мен нөсер салдарынан қаза тапқандар саны 170-тен асты

Үндістанда лай көшкіні мен нөсер салдарынан қаза тапқандар саны 170-тен асты


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанның Керала, Махараштра және Карнатака штаттарында болған лай көшкіні мен нөсер салдарынан соңғы апта ішінде 170-тен астам адам қайтыс болды, деп жазады India Today.

Төтенше жағдайлар қызметінің деректеріне сүйенсек, басқа штаттармен салыстырғанда Керала штаты қатты зардап шеккен. Бұл жерде соңғы 4 күн ішінде 72-ге жуық адам қайтыс болып, 160-тан астам адам эвакуацияланған. 

Соңғы тәуліктің өзінде аймақта 30-дан астам өлім тіркелді. Штаттың бірнеше ауданында қауіптің ең жоғары деңгейі жарияланып, оқу орындарындағы сабақтар тоқтатылды. Әлі күнге дейін Кераладағы ең ірі және көп адамға қызмет көрсететін халықаралық әуежай жабық тұр.

Үш штаттан жалпы алғанда бірнеше жүз мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Үндістанның Метеорологиялық департаментінің хабарлауынша, нөсер әлі бірнеше күн болады.
12 тамыз 2019 ж. 974 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930