Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресейде балалар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысып, екеуі де жардан құлап кетті

Ресейде балалар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысып, екеуі де жардан құлап кетті


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы деректерге сүйенсек, жол апаты салдарынан 3 адам қаза болды. Оның екеуі жасөспірім, деп хабарлады РИА Новости.

Ресейдің Новороссийск қаласында жол апаты болып, салдарынан бірнеше адам қаза тауып, оншақты адам зардап шекті. Верхнебаканский елді мекенінің жанында А-146 Новороссийск - Керчь трассасының 16 шақырымында "Эллада" санаторийіне тиесілі Hyundai экскурсиялық автобусы Volkswagen Touareg жеңіл көлігімен соқтығысты. Салдарынан екі көлік те жардан тереңдігі 30 метр жерге құлап кетті. 
ТЖМ деректеріне сәйкес, автобуста 41 адам болған, оның ішінде – 39 жолаушы, 1 жүргізуші және 1 экскурсия жетекшісі. Ал жеңіл көлікте 4 адам болған көрінеді.
Соңғы мәліметтерге сүйенсек, қаза болған 3 адамның екеуі жасөспірім. Олардың барлығы жеңіл көліктің жолаушылары екені анықталды. Жалпы апат салдарынан 32 адам зардап шекті.
Жергілікті ауруханаларға 28 адам жатқызылды, оның 11-і бала. Тағы 14 адам медициналық тексеруден өткізілді.
Сараптама нәтижелеріне сәйкес автобус жүргізушісінің сау болғаны анықталды. 
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.


 
 
08 тамыз 2019 ж. 837 0