Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда дизель отынын сатуға шектеу қойды

Алматыда дизель отынын сатуға шектеу қойды

Алматыда дизель отынын сатуға шектеу қойды

Алматыда дизель отынын сатуға шектеу енгізіліп отыр. Бұл туралы Aikyn.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы қаласында облыс тұрғындары, сондай-ақ транзиттік көлік иелері тарапынан дизель отынына деген сұраныс артты. Бұл тұтыну көрсеткішінің бір мезгілде 30-35%-ға өсуіне түрткі болды.

«Қала тұрғындарын, автобус парктері мен коммуналдық қызметтерді қамтамасыз ету мақсатында жекелеген жанармай құю бекеттеріне дизель отынының шектеулі шығарылымы енгізілді», – делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта әкімдік жанар-жағармайды жеткізушілермен бірлесіп мониторинг жүргізіп жатыр.

Алматы қаласына жанар-жағармай үш мұнай өңдеу зауытынан жеткізіледі. Атап айтқанда, Шымкент «Петро Қазақстан Ойл продактс» мұнай өңдеу зауыты (ПКОП үлесі – 40%), Павлодар мұнай-химия зауыты (ПМХЗ үлесі – 35%), Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ үлесі – 25%).

Айта кетейік, 15 наурыздан бастап Шымкент мұнай өңдеу зауытында күрделі жөндеу жұмысы басталды. Сондықтан Алматы қаласына дизель отынын жеткізу уақытша тоқтатылды. Осы кезеңде ПМХЗ мен АМӨЗ-ден дизель отынын жеткізу шамамен 12 мың тонна болды.
Бүгінде қалада шамамен 8,8 мың тонна дизель отыны бар, 4-5 күн ішінде шамамен 4,7 мың тонна жеткізіледі деген жоспар бар.
Zakon.kz-тің жазуынша, Шымкент мұнай өңдеу зауытында өндіріс қайта басталғаннан кейін жағдай тұрақталады деген үміт бар. Жөндеу жұмысы сәуір айының бірінші онкүндігінде аяқталады.
05 сәуір 2023 ж. 189 0