Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ПРЕЗИДЕНТ ТӨРТІНШІ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫН САЛУҒА ҚАТЫСТЫ ШЕШІМДІ ЖЕДЕЛДЕТУДІ ТАПСЫРДЫ

ПРЕЗИДЕНТ ТӨРТІНШІ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫН САЛУҒА ҚАТЫСТЫ ШЕШІМДІ ЖЕДЕЛДЕТУДІ ТАПСЫРДЫ


Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауытын салуға қатысты шешім қабылдауды жеделдету қажет. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Мұнай мен газды қайта өңдеу  маңызды бағыт саналады. Біз бұл жайында айттық және саланы дамытатын боламыз. Ол қажет әрі бұл сала әлі де ұзақ уақыт басымдыққа ие болады. Бұған қоса, елді жанармаймен қамтамасыз ету мәселесі жиі көтеріледі», – деді Елбасы. Осы ретте Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі үш  мұнай өңдеу зауытының жаңғыртылғандығын атап өтті. «Біз үш мұнай өңдеу зауытын жаңғырттық. Жанар-жағармай тапшылығы таяу 3-4 жылда жабылады. Қанат Бозымбаев (ҚР Энергетика министрі – авт.) солай ғой? Одан кейін қайтадан импорттайтын боламыз. Тез арада төртінші зауыт салу қажеттігін айтқан кезде, сіздер оның қажет еместігін, бізде жанар-жағармай жеткілікті болып, қайда жіберерімізді білмей қалатынымызды айтып, дәлелдедіңіздер. Яғни, біз  проблема қуып жеткен кезде жұмыс істей бастаймыз. Сондықтан қазіргі уақытта бұл іспен айналысып жатқанын білемін және Қарашығанақтағы инвесторлармен әңгіме болды. Мұнай өңдеу  зауыты бойынша шешім қабылдауды жеделдету қажет», – деді Қазақстан Президенті.
inform.kz
09 ақпан 2018 ж. 1 226 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930