ЖЫР ЖАУҺАРЫ – ЖАРАПАЗАН!

Аталған дәстүрлі шараны Қызылорда облыстық орталық Ақмешіт және Сырдария мешіті бастап, жарапазан айту эстафетасын Шиелі ауданына жолдады. Эстафетаны қабыл алған орталық мешіт және мәдениет қызметкерлері тұрғындарға мың айдан да қадірлі Рамазан айының келгендігін хабарлап, көпті қуантты. Қазақы салт-дәстүрді дүйім жұртқа насихаттап, оны аудан тұрғындарына үлгі етті. Халық та жарапазан жырын шырқағандарды жатсынбай, жылы қабылдап, шама-шарықтары жеткенше ұлттық үрдіспен сый-сияпаттарын ұсынды. Сонымен қатар шара барысында әрбір адамға Рамазан кестесі таратылды. Жырға қанығып, әсем ән тыңдағандар ерекше әсерге бөленіп, жарапазаншыларға ақ тілегін айтып, өз ыстық ықыластарын жеткізді.
Айта кетейік, жылдағы дәстүр бойынша «жарапазан айту» эстафетасын аудандық орталық мешіт және мәдениет қызметкерлері Қазалы ауданы, Жанқожа ауылының мешітіне жолдады.
Сымбат СҰЛТАН