Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады




Алматы. 6 мамыр. 7kun.kz — Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық мұсылмандарды Рамазан айының басталуымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Қымбатты отандастар! Сіздерді барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл – шексіз ізгілікке, адамгершілікке, рухани тазаруға және кемелденуге бастайтын мезгіл. Исламның жасампаздық әлеуеті қоғамымыздағы және әлемдегі дәстүрлі құндылықтар мен гуманизм негіздерін нығайтуға ықпал етеді. Рамазан айында ораза ұстау мейірімділікке, кешірімді болуға, татулыққа және қайырымдылыққа үндейді», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Тоқаев Елбасының дана саясатының арқасында Қазақстанда бірлік, өзара түсіністік, этносаралық және конфессияаралық келісім ахуалы сақталғынын атап өтті. 
«Қасиетті Рамазан айы бәріңізге жақсылық, бақ-береке әкелсін!», — деді Қ. Тоқаев. 

Источник: 7kun.kz
06 мамыр 2019 ж. 973 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930