Қош келдің, Қоян жылы!
Атам қазақтың «диірменнің тасындай шыр айналған дүние-ай» дегеніндей, Барыс жылы уақыттың терең қойнауына сіңіп, енді міне, мінезі жұмсақ жан баласына қиянаты жоқ мамық жүнді жануар – Қоян жылы ғаламның ақ босағасын аттады.
Казақтың көне 60 жылдық есебі
Көне түркілік есеп бойынша бір ғасыр 60 жылға тән болғаны анық. Мұны олар «жарын есебі» деп атаған екен. Нақтырақ айтқанда, 60 жылда 12 жыл атауы бес дүркін қайталанатындықтан, аталарымыз қателесіп кетпес үшін оларға бес түрлі түс және бес түрлі материалдық заттық атау берген. Мысалы, ақ, сары, қызыл, қара, көк дейтін бес түрлі түске: темір, ағаш, топырақ, от, су сияқты заттық атаулар қоса қолданылыпты. Бұл тәсіл – жарын есебін жүргізгенде жаңылыспау үшін қажет дүниелер.
Осы жарын есебін қазақ халқы тіпті бертінге дейін қолданып келген екен. Мысалы, Ахат Шәкәрімұлының 1992 жылы «Жұлдыз» журналының 11-ші санында жарияланған «Менің әкем, халық ұлы – Шәкәрім» атты көлемді естелігінде: «Бір күні әкейден «Қазақ бұрын қандай дінде болған?», деп сұрадым. Әкей: «Қазақ атанғаны – Ноғайлыдан бөлінген соң мұсылман болғаны. Оған дейін ескі түркінің мәужуси діндері болған. Ескі түріктер құдай жаратқан заттардың ең қасиеттісі – бес нәрсе деп білген. Олар: от, топырақ, су, темір, өсімдік (ағаш) және осы нәрсені 12 жылдың атына қосып, 60 жылдық ұлы мүшел еткені де сондықтан еді», деп айтқан сөзін келтіреді.
Сол сияқты ескі әбжаттық танымның білгірі Ақжан Машанидың еңбек-терінде де 60 жылдық мүшел есебі айтылыпты. Ғұлама мүшел дегеніміз – уақыт өлшемі, осы арқылы күннің, айдың, жылдың есебін айырамыз дей отырып, алпыс жылдық мүшелге (жарын есебі) тоқталыпты. Яғни 12 жыл бір мүшел оны бес саусаққа көбейту арқылы 12 х 5 = 60 жыл шығады. Бұл барлық көне Шығыс еліне ортақ дейді. Онымен қоймай мүшел есебінің алпыс жылдық кестесін жасапты (әл-Машани А.Ж. «Әл-Фараби көпірі», – Алматы: «Алатау» баспасы, 2005. – 239-240 б.).
Осындағы 12 жылға негізделіп, бес мүшелге үйлестірілген жыл санау есебі зерттеушілердің пікірінше б.з.б. ІІ ғасырда Тун тауын мекендеген ғұн тайпаларынан бастау алған. Бұған дәлел – осы өңірде жартасқа қашап салынған петроглиф түрінде 12 жылдың мүсін-бейнесі сақталған. Бұл жәдігерді тауып, ғылыми айналымға енгізген әйгілі қытай археологі Гай Шаньлин: «Тастағы жыл атаулары мен мүшелдік таңбалар осы өлкеде екі мың жыл бұрын өмір сүрген халықтың туындысы» десе («Қазақша мүшелдік жыл санау», «Өрнек» баспасы. Астана, 2000 жыл. – 12 б), біздің жыл санауымыздан бір ғасыр бұрын өмір сүрген ежелгі қытай тарихшысы Сыма Цянь өзінің көне ғұндар жайлы жазған «Тарихи жазбалар» атты еңбегінде жылдың алғашқы айы туған күні Шанью (ғұн патшасы) ордасында жиын өтіп, Лүн (ғұн астанасы) қаласында үлкен ас беріледі. Одан кейін күзде жылқы семірген кезде Дайлинде жиын ашып, барлық мал-мүліктің есебін шығарады», деп жазады. Бұл пайымда атап өтілген «Жылдың алғашқы айы туған күні» деген мәтінді кейінгі зерттеушілер «күн мен түн теңескен жылбасы Наурыз» деп тәпсірлесе, «Жылқы семірген уақыт» қыркүйектің 22-і, яғни күзгі күн мен түн теңелген уақыт. Демек, байырғы бабаларымыз жылына екі дүркін күн мен түннің теңелеуін тұрмыстық- күнтізбелік есеп ретінде пайдаланып отырған екен.
Биыл – қара Қоян жылы
Көнеден келе жатқан қазақтың жыл қайыру есебі бойынша биыл қара Қоян жылы кіріпті. Осы қара Қоян жылын жоғарыда Шәкерім атамыз айтқан бес түрлі түске (қара, ақ, қызыл, көк, сары) негіздесек, биыл су қояны екен. Жалпы, Қоян жылы туралы халқымыздың фольклорында:
«Келетін төртінші жыл Қоян екен,
Қысы қатты, ал жазы аялы екен,
Ақ қоян, қара қоян, қызыл қоян,
Ішінде сары қоян саялы екен»,
– деген жыр барын білеміз. Осы шумақта айтылғандай 12 мүшелдің төртінші жылын қазақтар – қоян деп атаса, телеуіттер – қойон, алтайлықтар – тулай, өзбекше – қоян немесе тауышқан, сары ұйғырлар – тосқан, ноғайша қоян дейді екен.
Қоян жылының тарихи-этнографиялық артықшылығы жайлы этнолог-зерттеушілердің пікіріне назар аударсақ, осы саланың білгірі Қалбан Ынтаханұлының 2020 жылы жарық көрген «Қазақша мүшелдік жыл санау» атты еңбегінде: «Қоян жылы туған адамдарға былай деп анықтама беріліпті: «Ақ көңіл, мінезі жұмсақ, нәзік келеді. Қимыл-қозғалысы ширақ, қиналған адамдарды көрсе, көмек қолын созуға даяр тұрады. Санасы уайым-қайғыдан алыс, рухы биік болады. Өткен-кеткен оқиғаларға ой жүгірту, егжей-тегжейлі сараптама жасауға бейім. Ең бастысы, басқаның жетістігін қызғанбайды, қанағатшыл, өзін орынсыз дау-дамайдан алыс ұстайды. Кемшілігі – көңіл күйі құбылмалы, кейде мақсатынан айнуға бейім, сонымен қатар кей жағдайда ашуға бой ұрғыш келеді» деп жазса, танымал этнограф Биқұмар Кәмалашұлы 2003 жылы Ұланбатыр қаласында жарық көрген «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты көлемді туындысында: «Қоян жылы туғандар жұмысқа ұқыпты, туысқа қайырымды келеді. Кемшілігі – табансыз, тұрақтылық сақтамайды. Бұл жылы туған адам – ит, доңыз, қой жылы туғандармен жарасым тапса, ұлу, қоян, тышқан жылы туғандармен қайшылықта болуы кәдік», депті.
Сонымен қатар қазақтың ауызекі сөзінде «қоян жылғы жұт» деген ұғым сақталған. Соған қарағанда кейбір Қоян жылдары қатты жұт болатыны ел есінде сақталған. Мысалы, 1891 – ақ қоян жылы керемет жұт болған. Бұл оқиға туралы керей Намаз ақын мен Құлтума Сармұратұлының айтысында былай делініпті:
«Еліңді зар еңіреткен
қара қоян,
Сенің құрып қалғаның
тәңірге аян,
Ішер тамақ,
киерге киім таппай,
Бала-шағаң жеп өсті
бақа-шаян»,
десе, дәл осы Қоян жылғы жұт жайында халық ақыны, айтыскер-жыршы Майлықожа Сұлтанқожаұлы:
«Қоян жылы жаумады
көктен жаңбыр,
Қабағы шаруалардың болды салбыр,
Қыста күні болғанда қар тынбады,
Хайуанға өлім жетті аштан әрбір», деп сөз қалдырған. Сол сияқты тағы бір ақ қоян жұты атақты ақын-әнші Үкілі Ыбырай (1830-1930) айыр-көмей ақын Доскей Әлімбайұлымен (1850-1946) айтысында:
«Әрбір айтқан өлеңім халқыма аян,
Сараңдарға біткен мал –
шаққан шаян,
Байды сабап, жарлыны
жаншып өткен,
Естен қалмас кешегі тақыр қоян»,
десе, дүлдүл ақын Ілияс Жансүгіров:
«Болмаса түлік алдырған,
қасқыр атқан,
Бір қазақ таба алмайсың
қысты ұнатқан,
Өтіпті ақ қояндай қырғын қыстар,
Түкірік түспей қатқан,
жұрт жұтатқан», –
деп жырлаған екен (М.Исқақов. «Халық календары». – Алматы: Қазақстан, 1980. – 259-260 б.).
Қоян жылы – қазақ тарихында
Келесі кезекте қазақ тарихында Қоян жылы орын алған оқиғаларға тоқталар болсақ: 1687 жылы қазақ ханы Тәуке пашалық Ресеймен сауда-саттық қатынасты орнықтыру үшін Тәшім бастатқан елшілерін Тобыл бекінісіне аттандырса, 1699 жылы қазақ халқының азаттығы үшін ойрат басқыншылығына қарсы қол бастап күрескен атақты Өтеген батыр Өтеғұлы (мүйізді Өтеген) дүниеге келген екен. Ал 1711 жылы ұлт тарихында орны зор Абылай хан (Әбілмансұр) дүниеге келсе, 1723 жылы қазақ жерін қатты жұт жайлап, осы жыл көктемде Ойрат қонтайшысы Севан Рабдан бастаған 100 мың шерік жерімізге басып кіреді. Нәтижесінде, атақты «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы орын алады. 1735 жылы Абылай барлық қазақтың ханы болып 1735 жылы сайланса (Құдайбердіұлы Ш.Родословная тюрков, киргизов, казахов и ханских династий. – Алматы, 1990), 1747 жылы 10 сәуірде Ресей сыртқы істер алқасы құпия жарлық шығарып, қазақтарға қару-жарақ, оқ-дәрі, оттық, қорғаныс құралдарын сатпау жайында бұйрық берген. 1771 жылы қазақ ханы Әбілмәмбет қайтыс болып, оның орнына үш жүздің өкілдері Абылай сұлтанды хан сайлады. 1783 жылы Сырым батыр Датұлы бастаған кіші орда қазақтары орыс-казак әскерлеріне қарсы көтеріліс бастады. 1795 жылы ресейлік арандатушылардың ықпалымен Орта жүз ханы Уәлидің үстінен ақ патшаға наразылық хат жолданып, ол биліктен шеттетілді. 1807 жылы Қазан баспасында ең бірінші қазақ кітабы «Сейпіл-Мәлік» атты ғашықтық дастаны жарық көрді. 1819 жылы Уәли хан қайтыс болып, Орта жүзде байырғы хан сайлау дәстүріне шек қойылса, 1831 жылы кіші орда қазақтарын билеу үшін «Ел басқарудың дистанциялық системасы» атты құжат қабылданып, байырғы билер сотымен шешім шығару үкімі тоқтатылды. 1843 жылы Ресей үкіметі Кенесары ханға қарсы кең көлемді әскери жорық ұйымдастырды. Соған қарамастан, Кенесары ханның жасағы оларға ойсырата соққы берді. Соның бірі – осы жылдың қыркүйегінде бір жұмаға созылған Орынбор жасағымен шайқас. 1855 жылы атақты қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов Омбыдан Семей, Аякөз, Қапал арқылы Іле Алатауынан өтіп, Жоңғар қақпасына дейін келіп, қайтарда Алакөл, Тарбағатай, Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау арқылы Омбыға оралады. Бұл сапарда ол қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрпы, діни ұғымдары жайында көптеген материал жинап, нәтижесінде «Тәңірі», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» сияқты еңбектер жазды. 1867 жылы 11 шілдеде империя құрамында Түркістан генерал-губернаторлығы құрылды және «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы» патша жарлығы қабылданды. 1879 жылы ағартушы Ыбырай Алтынсарин Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалып, оның болашақ ағартушылық қызметіне кең жол ашылды. 1891 жылы 12 ақпан күні қол қойылған орыс пен қытайдың Петербор келісімі негізінде Шығыс Түркістан қазақтары Қытай құрамына өтті. 1891 жылы Ресей императоры ІІІ Александр 25 наурыз күні «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы ережеге» қол қойды. 1903 жылы Алаш арысы Әлихан Бөкейхан екі автормен бірлесіп жазған «Қазақ өлкесінің тарихи тағдыры және оның мәдени жетістіктері» атты тұңғыш ғылыми монографиясы
Петерборда жарық көрді. Биыл бұл туындыға 120 жыл толып отыр. 1915 жылы Алаш қайраткері Мұстафа Шоқай Ташкентте зиялылардың басын қосып «Кеңес» атты ұйым құрса, осы жылы М.Тұрғанбаевтың «Пайғамбар заманы» атты кітабы жарық көрді. 1927 жылы ақпан айында БОАК төралқасы көшпелі, жартылай көшпелі қазақтарды жерге орналастыру туралы шешім қабылдап, Голощекин Қазақстандағы егістікке жарамды жерлерге орыс шаруаларын қоныстандыруды көздеді. Бұл іс Н.Нұрмақов, Ж.Сұлтанбеков сияқты қайраткерлердің қарсылығын тудырды. 1939 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақ бойынша халық аспаптарында ойнайтын шеберлер байқауында Дина Нұрпейісова бірінші орынды жеңіп алды. 1951 жылы Қазақ драма театрында қойылған «Абай» спектакліне КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. 1963 жылы А.В.Затаевич құрастырған қазақ музыкасының этнографиялық еңбегі «Қазақ халқының 1000 әні» осы жылы Мәскеуде екінші рет басылып шықты. 1975 жылы Олжас Сүлейменовтің «АЗиЯ» кітабы жарық көрді және әйгілі ғұлама Әл-фарабидің туғанына 1100 жыл толуына байланысты Алматыда халықаралық ғылыми конференция өтті.
Мерекелік даталар мен тарихи оқиғалар
Жаңадан ғалам қақпасын ашқан биылғы Қоян жылы мерекелік даталар мен тарихи оқиғаларға толы. Атап айтқанда, халық композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының дүниеге келгеніне 205 жыл толса, жырау Мұрат Мөңкеұлы мен композитор Ақан сері Қорамсаұлының 180 жылдық, халық батыры Амангелді Имановтың (3 сәуір) 150 жылдық мерейтойы атап өтілмек. Сонымен қатар Алаш қайраткері, ғалым Халел Досмұхамедұлының (24 сәуір) туғанына 140 жыл, атақты ақындар Мағжан Жұмабайұлы (25 маусым) мен Сұлтанмахмұт Торайғырұлы (28 қазан) және ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі Қалибек Қуанышбаевтың (25 сәуір) туғанына биыл 130 жылдың жүзі болыпты. 125 жыл бұрын мемлекет қайраткері Темірбек Жүргенов (25 ақпан), 120 жыл бұрын көрнекті тілтанушы-ғалым Сәрсен Аманжолов (27 желтоқсан), халық ақыны Нұрхан Ахметбеков туса, 110 жыл бұрын атақты композитор Мұқан Төлебаев (13 наурыз) пен жазушы Қалижан Бекхожин (15 желтоқсан) дүниеге келген екен.
Осыдан бір ғасыр бұрын 1923 жылы дүниеге келген еліміздің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты («Қыз Жібек» фильмі үшін) Сұлтанахмет Қожықов (10 наурыз), Халық әртісі, профессор Бекен Жылысбаев (9 мамыр), Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тахауи Ахтанов (25 қазан), Халық жазушысы Мұзафар Әлімбаев (29 қазан), жазушылар Өтебай Қанахин (7 желтоқсан) мен Кемел Тоқаев (2 қазан), және тағы басқаларының 100 жылдық мерейтойы болса, ҰҒА академигі, профессор Жабайхан Әбділдин (16 ақпан), Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әкім Тарази (9 қыркүйек), жазушы-журналист Сейдахмет Бердіқұловтың (9 мамыр) туғанына 90 жыл толып отыр.
Осыдан 80 жыл бұрын, яғни 1943 жылы Төтенше және өкілетті елші һәм мәдениеттанушы Мұрат Әуезов (1 қаңтар), ақын Рафаэль Ниязбек (24 наурыз), жазушы Оралхан Бөкей (28 қыркүйек), қоғам қайраткері Алтыншаш Жағанова (23 желтоқсан) дүниеге келсе, 70 жыл бұрын, яғни 1953 жылы қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаев (9 ақпан), Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, опера әншісі Кенжеғали Мыржықбай (3 сәуір), жазушы Серік Байхонов (15 мамыр), Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев (17 мамыр) дүние есігін ашса, биыл 60 жылдық мерейтойдың иесі атақты спортшылар зілтемір көтеруден Олимпиада чемпионы, әлем және Еуропаның бес дүркін жеңімпазы Анатолий Храпатый (20 қазан) және грек-рим күресінен КСРО, Азия, Еуропа және әлем чемпионы, Олимпия ойындарының жүлдегері балуан Дәулет Тұрлыханов (18 қараша) дүниеге келген екен.
Осы орайда, кейбір тарихи оқиғалар туралы айтар болсақ: 110 жыл бұрын, яғни 1913 жылы 2 ақпанда Орынбор қаласында Алаш көсемдері Ә.Бөкейханның, А.Байтұрсынұлының, М.Дулатұлының ұйымдастыруымен тұңғыш жалпыұлттық басылым – «Қазақ» газеті жарық көрсе, ағартушы-педагог Спандияр Көбеевтің «Қалың мал» романы баспадан шыққан.
Сондай-ақ 100 жыл бұрын 1923 жылы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 50 жылдық мерейтойы Орынбор қаласында қазақ оқығандардың атсалысуымен аталып өтілсе, Ташкент қаласында Сұлтанбек Қожановтың алғысөзімен Мағжан Жұмабайұлының өлеңдер жинағы жарық көріпті. Қазақ руханияты үшін тағы бір құнды жаңалық 1923 жылы Мәскеудегі «Күншығыс» баспасынан қазақтың тұңғыш дипломаты Нәзір Төреқұловтың бастамасымен «Темірқазық» журналы жарық көрді. Осыдан 60 жыл бұрын яғни 1963 жылы Абдолла Қарсақбаевтың режиссерлігімен «Менің атым – Қожа» көркем фильмі жарыққа шықса, Мәскеуде оқитын қазақ жастарының «Жас тұлпар» ұйымы құрылған екен