Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақтар жыл санауды қалай түсінген?

Қазақтар жыл санауды қалай түсінген?


Шығу тарихы тым әріге созылатын халықтық жыл санау есебінде 12 жыл аты бар.  Алғашқы деректерді VIII ғасыр ғұламасы Махмұт Қашқари еңбектерінен көреміз. Байқап қарасақ, бұл дәстүр сол ескі заманның өзінде-ақ аңызға айналып кеткен екен. Демек, жыл санау тарихының желісі тым әріде жатыр. Жыл басы ежелден-ақ тышқан жылынан басталатын әр жылға қазақ ұғымы, сенімі бойынша анықтама берейік. 1. Тышқан жылы. Кішкене тышқан атымен аталған жыл санаудың және жыл қайырудың басы осы тышқан. Әр жылы 21 наурыз күні аяқталып, жаңа жыл 22 наурыз күнінен басталып есептелінеді. Талай жылдың тауқыметін, қызығын бастан өткен тәжірибесі бай, ұғымды халық әр жылға тиісті баға беріп және сол жылдарға сай күтініп те отырған. Соның бірі тышқан жылын молшылық пен берекенің, бейбітшілік пен тыныштық жылы деп санаған. Халықтың бұл сенімі көбіне ақталып та отырған. Шынында да мыңдаған жылдар тарихында тышқан жылы қиыншылық, жаугершілік, аштық бола бермеген екен. 2. Сиыр жылы. Үй хайуан атымен аталған. Тышқаннан кейін халық есіне көбінесе ауыртпалық, дау-жанжал, қиындықтарымен есте қалған. Ырымшыл халқымыз бұл жылы сәтсіздік бола қалса «биыл ауыр жыл ғой» дей салған. Сиыр жылы туған адамдар халық әдеті мен ырымдары негізінде сиыр бауыздамайды. 3. Барыс жылы. Өзі аттас аң атымен аталған. Ауыртпалығы да, жақсылығы да аралас жыл деп саналады. Еліміздің тарихында бұл жылға қатысты айтылатын елеулі оқиғалар есте қалмаған. Осындай есеппен қазақтар барысты жайсыз жылдар қатарына қоспайды. 4. Қоян жылы. Жыл қазақтың шаруашылық тарихында жұт, аштық, ауыртпалық, бейнет деп оған үрке қараған. Оның себебі де жоқ емес. Тарихқа үңілсек, «үлкен қоян» жұты, 1891-92 жылы «кіші қоян» жұты, 1915-16 жылы «тақыр қоян» болып бүкіл қазақ даласында мал қырылып, елді жүдеушілікке, аштыққа, жоқшылыққа ұшыратып, әр жылға әлгіндей ат беріп, айдар тағып кеткен. 5. Ұлу жылы. Ұлудың қандай жануар немесе жәндік екені белгісіз. Ол туралы әртүрлі жорамалдар көп. Түркі жұртшылығы оның ішінде қазақтар да ұлу жылы астық, шөп мол болады деп жорамалдаған. Соған сәйкес халық үшін жайлы, жұмақ жылдар қатарынан орын алса керек. 6. Жылан жылы. Қазақ аңыз-әңгімелерінде «жылан жылы жылыс болды, жылқы жылы ұрыс болды, қой жылы зеңгер тоғыс болды» деген қағидаға айналған қанатты сөздер бар. Бұл сөзді Абай да «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» атты шығармасында пайдаланған. 7. Жылқы жылы. Халықтың арғы-бергі аңыздары мен ертегі әңгімелерінде жылқы жылы туралы жайсыз әңгіме жоқ. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері С.Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров  (1894 ж.) жылқы жылы туған. 8. Қой жылы. Халық бұл жылды жақсы жыл деп сеніп, оны күтіп отырады. Қазақ бұл жылды қой мінезіне де ұқсатады. Қой жылы көбіне жайлы болып, халық береке мен молшылыққа кенеліп отырған. Ел экономикасына көз салсақ, шындығында 1966-1967 қой жылы Қазақстанда миллиард пұттан астам астық өндірілді. Осы жылы Қазақстан тәуелсіздігін алды. 9. Мешін жылы. Бүліншілік, жайсыз оқиғалар мен жұт апат осы жылдарда болғанына көз жеткізу қиын емес. Айталық, 1920 жыл қазақ даласында мал қырылып ол «Тас мешін» деп аталды. 10. Тауық жылы. Бұрын үлкендердің айтуынша, тауық жылы қауіп-қатер жиі болып тұрған, халық бейнетті көп шеккен. 1920-1921, 1932-33 жылдарды жұт, аштық болғаны көпке белгілі. 1968-69 жылдары құрғақшылық болды. 11. Ит жылы. Мешін, тауықтан кейінгі ауыртпалық ит жылы біршама жеңілдей түскен. Айталық, 1933 жылы аштық тыйылды, 1945 жылы соғыс аяқталды. 12. Доңыз жылы. Жыл санауының және жыл қайырудың соңғы жылы. Кейбір түркі елдері, сондай-ақ Қазақстанның кей жерлері мұны «қара киік жылы» деп те атай береді. Бұл жылды халық пәле-жала көп болады деп жақсы атамаса да, ол тарихқа жайлы, тыныштық жылы болып келген.  

Дереккөз: massaget.kz

04 қараша 2018 ж. 1 657 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930