Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлихан Смайылов әйелдер қауымын мерекесімен құттықтады

Әлихан Смайылов әйелдер қауымын мерекесімен құттықтады

Әлихан Смайылов нәзік жандыларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Аяулы аналар!
Қымбатты арулар!
 
Баршаңызды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазіргі кезеңде әйелдер қауымы қоғамдық өмірдің ең белсенді бөлігіне айналып отыр.

Қазақстанда 4,3 млн әйел жұмыспен қамтылған. Бұл – еңбек майданында жүрген жалпы халықтың 48%-ы.

Мемлекет бизнеспен айналысуға ниетті әйелдерді бүтіндей қолдап келеді. ЭЫДҰ деректеріне сай, Қазақстанда кәсіпкер әйелдердің үлесі 45%-ды құрап отыр. Бұл – АҚШ және Түркия елдерімен салыстырғанда жоғары көрсеткіш.

Біздің елімізде әйелдер ер-азаматтармен қатар иық тірестіре жүріп, мемлекеттік басқару ісіне белсенді қатысып отыр. Егер 2010 жылы мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 52,7% болса, өткен жылы 55,4%-ға жетті.

Қазақстан гендерлік теңдік орнаған қоғам қалыптастыруда айтарлықтай жетістіктерге жетті.

Мемлекет алдағы уақытта да қазақстандық әйелдердің әл-ауқатын жақсарту үшін бар күшін салады.

Көрікті көктемнің осынау шуақты күнінде экономиканың сан түрлі саласында еңбек етіп, елдігімізді нығайтуға, кемел ұрпақ тәрбиелеп, отбасылық құндылықтарымызды баянды етуге өлшеусіз үлес қосып келе жатқан Сіздерге шынайы құрметімді білдіруге рұқсат етіңіздер. Баршаңызға зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін. Мерекелеріңіз құтты болсын!», делінген құттықтауда.
08 наурыз 2023 ж. 208 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930