Мемлекеттік қызметкерлердің жартысынан астамы – әйелдер
Бүгінде әйелдердің саяси ілгерілеуі, корпоративтік өсуі және дамуы қамтамасыз етіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Статистикаға сәйкес, 2010 жылы мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 52,7%-ды құраса, 2022 жылы 55,4%-ға дейін өсті. Оның ішінде 39,2% басшылық қызметті атқарады. Саяси лауазымдарда 59 әйел жұмыс істейді. Оның ішінде министрлер, Агенттіктің, Жоғары аудиторлық палатаның және Конституциялық соттың төрағалары, Сенат төрағасының орынбасарлары, облыстар мен қала әкімдерінің орынбасарлары, аудан әкімдері бар», деді министр.
ҰЭМ басшысының мәліметінше, шағын және орта бизнестегі әйелдердің үлесі 2011-2021 жылдар аралығында 38,4%-дан 44,6%-ға өсті. Елімізде кәсіпорын басшыларының 30,8%-ы - әйелдер. Бұл ретте, Үкімет мемлекеттік қатысуы бар компаниялардың басшы органдарындағы әйелдердің үлесін кезең-кезеңімен 30%-ға дейін арттыруға бағытталған шаралар қабылдап жатыр.
Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қаржылай және қаржылай емес шаралар арқылы жүзеге асырылып келеді. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шеңберінде 6 мың жоба, кредиттерге кепілдік беру бойынша 4 мың жоба қолдау тапты. Сонымен қатар ҚР ҰЭМ Еуропа қайта құру және даму банкімен бірлесіп, «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасын іске асырып жатыр.
«Тұрақты экономикалық өсудің маңызды факторларының бірі ретінде іскерлікті арттырудағы әйелдердің қосқан елеулі үлесін атап өткім келеді. Әйелдердің саясаттағы рөлі және олардың белсенді қатысуы қоғамдық өмірдің басқа салаларында да гендерлік теңдікті жақсартуға ықпал етеді», деді ведомство басшысы.