ЕРЕКШЕ ЖАНДАР ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

Кездесуде медицина, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік, тұрғын үй, электр жарығы, құқық қорғау, спорт саласы бойынша 20-дан астам азаматтың өтініш-тілегі тыңдалды. Аудан басшысы азаматтардың мәселелері бойынша тиісті сала басшыларына тапсырма беріп, дер кезінде шешімін ұсыну керегін ескертті. Сондай-ақ жиынға қатысушыларға мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қолдауға берілетін қайтарымсыз гранттар мен төмен пайызды несиелерге қол жеткізу жолдары түсіндірілді.
Кездесу соңында жиылғандар «Тең қоғам» орталығының қызметкерлерінің жүйелі жұмысына алғыс білдіріп, орталыққа арнайы келген аудан басшысына рахметтерін айтты.
«Өскен өңір» ақпарат