Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Элизабет Тұрсынбаева депутаттыққа кандидат болды

Элизабет Тұрсынбаева депутаттыққа кандидат болды

Элизабет Тұрсынбаева депутаттыққа кандидат болды (видео)  

Мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева депутаттыққа кандидат ретінде тіркелді. Енді спортшы алдағы саяси бәсекеде бағын сынап көрмек. Бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазба жариялады.

Ол спортта жетістікке жеткен сәтте қолдау білдірген халыққа сенім артатынын, ел үмітін ақтайтынын жеткізді.
«AMANAT» партиясынан Алматы қалалық мәслихатына депутаттыққа кандидат ретінде тіркелді.
Элизабет Тұрсынбаева 2021 жылы спорттағы карьерасын аяқтады.
Оның спорттан қол үзуіне жарақаты себеп болған.

«Жарақат салдарынан мамыр айының соңына дейін жаттығу жасауға жағдай болған жоқ. Қазір Қазақстанда жүрмін. Бұдан былай балаларды спортқа баулимын, өз тәжірибемді үйретіп, спортшылардың шеберлігін арттыруға көңіл бөлемін. Мәнерлеп сырғанауды дамыту жоспарымды іске асырудың сәті келді», – деді Элизабет Тұрсынбаева.

Ол 2000 жылы 14 ақпанда дүниеге келген. 2019 жылы әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді.
Ұлттық құрама қатарында 51 жарысқа қатысты. Халықаралық сайыстарда барлығы 39 медаль алды. Оның 17-сі – алтын.
Спорт тарихында ересектер арасында халықаралық жарыстарда төрт айналып секіруді орындаған алғашқы мәнерлеп сырғанаушы ретінде танымал.
Ол бұған дейін анасының сөзі үшін елден кешірім сұраған еді. 
07 ақпан 2023 ж. 201 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930