Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Элизабет Тұрсынбаева ISU рейтингінің үздік ондығына енді

Элизабет Тұрсынбаева ISU рейтингінің үздік ондығына енді


Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының (ISU) жаңартылған рейтингінде үздік ондыққа енді. Рейтингтегі ұпайларды есептеу барысында Олимпиада ойындары мен өткен маусымдағы әлем чемпионаттарының, сондай-ақ Гран-при кезеңдері мен өзге де халықаралық жарыстардың үздік нәтижелері есепке алынды. Әйелдер арасында ресейлік Алина Загитова 4510 ұпаймен бірінші орында тұр. Екінші орынға Сатока Мияхара 3459 ұпаймен орналасқан. 3384 ұпай жинаған тағы бір ресейлік Евгения Медведева үздік үштікті қорытындылаған. Элизабет Тұрсынбаева алтыншы орында. Ол екі маусым қорытындысы бойынша 3108 ұпай жинаған. Ал жеке рейтингте Элизабет төртінші орында тұр.  Еске сала кетейік, Тұрсынбаева өз мансабында тұңғыш рет әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді.

Massaget.kz
08 мамыр 2019 ж. 1 103 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031