«Қазақ» газетін үлгі етіп, отандық журналистиканы жаңғыртуымыз керек – Қайрат Сақ
Қазақ елі ұлт ұстазы деп айрықша құрмет тұтқан алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аса мәртебелі халықаралық ұйым ЮНЕСКО шешімімен өткен жылы жоғары деңгейде аталып өтті. Бар саналы ғұмырын ұлт жоғын түгендеуге, мың өліп, мың тірілген қаймана қазағының қамын жеп, күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей, күреспен өткізген, сол арқылы ұлтты сүюдің хас үлгісін көрсеткен аса көрнекті мемлекет һәм қоғам қайраткерін қалай ұлықтасақ та жарасады. Әсем қала Алматыда, туып-өскен жерінде ескерткіштер тұрғызылды. Қостанай қаласындағы әуежайға есімі берілді.
Астана қаласында басталған мерейтойлық жиын туған жері – Торғайда, тәуелсіз Қазақстанның бесігі – Алматыда, Түркі дүниесінің рухани астанасы – Түркістанда, ЮНЕСКО ұйымының штаб-пәтері ту тіккен – Париж шаһарында, екі құрылықты алып жатқан рухы биік қала – Стамбұлда жалғасын тапты. Байтағымыздың түкпір-түкпірінде жүздеген шара ұйымдастырылды. Мұның бәрі – жақсылықтың бастауы ғана. Патшалық Ресей монархиясы ізіне түсіп, бірнеше қайыра абақтыға жапқанмен, ұстаған жолынан айныта алмаған, Кеңестік қызыл империя түрмеге тоғытқанды аз көріп, қаскөйлігін асырып, ату жазасына бұйырғанмен, ізін де, үнін де өшіруге шамасы жетпеген алып тұлғаның құрмет-даңқы ендігі жерде артқаны-артқан. Қазақстанның барлық елді мекенінде есімі ардақталып, ауыл, аудан ғана емес, мәртебесі биік қалаға аты берілетін күн алда. Тіпті, бір облысқа Ахмет есімін берсек те әбден жарасады. Ол күн де туар.
Мұның бәрі ұлт мұраты жолында бақилық болған Ахмет Байтұрсынұлына емес, оның өнегелі жолын жалғайтын ұрпақ тәрбиелеу үшін керек. Сол мақсатта жасалуға тиіс. Осы орайда, тың ой туындамай қоймайды. Ақаңды құрметтеудің ең жарқын үлгісі сол болар еді – ұлт ұстазының қазақ елін сақтап қалумен қоса, азат елді көркейту жолындағы ұлы мұраттарын күн құрғатпай жүзеге асыру қажеттігі. Ел аузында қанатты сөз болып қалған Ақаң өсиеттері өте көп. Бәрін тізіп шығу ұзақ уақытты және көп орын алады. Теңіздің дәмі тамшысынан білінеді демекші, бір-екеуін есіңізге салсақ та, оған көзіңіз айқын жетеді: «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады», «жер мәселесі – алты миллион қазақтың (өткен ғасырдың басындағы санымыз сондай) тірі, я өлі болу мәселесі», «тарихсыз ел тамырсыз ағаш секілді, құлауға шақ тұрады» деген Ахаң сөздерінің растығын еліміздің тауқыметі мол қилы тағдыры айқындап келеді емес пе? Оған терең талдау жасау – өз алдына жеке әңгіме арқауы. Бұл жолғы әңгіме етпегіміз – қазақ тәуелсіз журналистикасының теориялық та, тәжірибе жүзінде де негізін қалаған Ахмет Байтұрсынұлының БАҚ-тың қоғамдағы орнын айқындап қана қоймай, оны іс жүзіне асырудағы ерен еңбегі мен жарқын жолын үлгі етіп ұсыну.
Тегінде, «тарих спираль секілді өріледі» деген тәмсіл рас болып көрінеді. ХХ ғасыр басы мен ХХІ ғасырдың алғашқы жиырма жылындағы ұқсастықтар соған мегзейді. Өткен жүзжылдықтың табалдырығынан қазақ қалай қиналып аттаса, мына ғасырдың алғашқы жиырма жылын да ауыр еңсергені көз алдымызда. Қазіргі шиеленісуі өршіп тұрған геосаяси жағдай, еліміздің күрделі кезеңді бастан кешіп жатуы ХХ ғасыр басындағы тарихи ахуалды еске түсіреді. Қазақ халқының тағдыр талайы қыл көпірдің үстінде тұрған кезде алаш қайраткерлері шарқ ұрып жол іздегені секілді, бүгін де ел зиялылары Қазақстанның даму жолын айқындау қамында бас қатыруда. Айырмашылығы – ол кезде бодандықта болсақ, қазір азат елміз. Бірақ бостандық жемісін көрмеген халық көңілі толқулы. Өткен жылғы қаңтар қасіреті – соның айқын айғағы.
Тарихтан сабақ алу – дамыған елдерден үйренетін жол. Қателікті қайталау – ел болашағын қауіп-қатерге байлау. Оған жол беруге болмайды. Осы жерде еліміздің Қаңтар қасіретіне ұшырауына себеп болған қателіктерге терең талдау жасап, түсіну арқылы түзетуге қам жасау аса маңызды екенін айтпауға болмайды. Ел тәуелсіздігінің алғашқы отыз жылында қол жеткізген жетістіктерімізбен қоса, жіберілген кемшіліктеріміз де аз еместігі туралы кейінгі бір жылда мәртебелі мінберлерден айтыла бастауы – жақсылықтың бастауы. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына үндеулері мен жолдауларында терең талданып, Қазақстанда саяси реформалар мен экономикалық өзгерістер қажеттігі ашық айтыла бастауы халықтың үміт отын тұтандырып, көптің көңіліне медет болуда. Ел Президентінің сайлауалды бағдарламасында айтылған: «Мемлекетіміздің қай саласын алып қарасақ та, жүйелі қателіктерге жол берілгенін көреміз. Ендігі жерде соларды түзетумен жүйелі түрде айналысамыз» деген жүрекжарды сөзі Әділетті Қазақстанның басты бағыты болып, іс жүзіне асса игі.
Біздің пайымымызша, жіберілген «жүйелі қателіктің» бірі – ел арасында «төртінші билік» аталып кеткен журналистиканың қазіргі мүшкіл жағдайына қатысты. Дамыған елдерде солай болғанмен, Қазақстанда журналистика «төртінші билік» болудан қалғаны қашан. Одан халық қана емес, билік тармақтары да ұтылыста екенін уақыт дәлелдеуде. Бүгінде қазақстандық БАҚ өзінің классикалық функциясын атқара алмай отырғаны жасырын емес. Түсінікті тілмен айтқанда, халық пен билік арасындағы көпір қызметіне қол жеткізе алмауда. Соның салдарынан халықтың сөзі билікке, биліктің сөзі халыққа жетпей, арасы ажырап тұрғаны ащы болса да, шындық. Қазіргі қазақстандық газет-журналдар мен радио және телеарналарды бұқаралық ақпарат құралынан көрі топтық ақпарат құралы десек, шындыққа жанасады. Өйткені миллиондық аудиториясы жоқ баспасөз бен электронды ақпарат құралын қалай бұқаралық дей аламыз? «Олардың аудиториясы неге аз?» деген сұрақ туындайды осы арада. Ол жүйелі зерттеуді, ғылыми талдауды қажет етеді. Өкінішке қарай, онымен айналысып жатқан тірі жан жоқ бізде. Дамыған елдердің трансұлттық сипатқа ие бұқаралық ақпарат құралдарында арнайы тапсырыспен аудиторияны зерттеу үшін ғалымдар тобы қызмет етеді. Ал бізде оны ойлап, тәжірибеге енгізуді көздеп отырған БАҚ жоқ. Өйткені оған қаржы қарастырылмаған оларда. Тегін тер төккенге ешкімнің құлқы болмайтындығы бесенеден белгілі. Соның кесірінен бұқарасы жоқ қазақстандық ақпарат құралдары ақпараттық бәсекеде жеңіліс табуда. Олардың нарықтағы орнын әлеуметтік желілер жаулап алуда. Ал ол еліміз үшін өте қауіпті. Өйткені әлеуметтік желі – қару. Оны ойлап тапқандар қазақтың қамын ойлап жасады дейсіз бе? Олардың көкейлерін тескендері – байлық пен билік. Әлеуметтік желінің арғы жағында кім, қандай мақсат көздеп отырғанын біліп болмайсыз. Бұқараны солардың жетегіне жіберу қасқырға қой бақтырғанмен бірдей. Кешегі қаңтар қырғыны соны дәлелдеп берді емес пе? Ендеше неге жіберілген қателіктен сабақ алып, оны түзету қамына күн құрғатпай кіріспеске?
Журналистика теориясы мен тарихын зерттеуші ғалым ретінде ұсынатын жолымыз біреу. Ол – мен ойлап тапқан дүние емес, ұлт ұстазы, қазақ тәуелсіз журналистикасының теориясы мен тәжірибесінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының дара жолы. Алаш ардақтысының «газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ һәм тіл қандай керек болса, халыққа газет – сондай керек дүние» деген тұжырымын барлық бұқаралық ақпарат құралына қатысты деп қабылдап, құнды пікірге құлақ асатын кез туды.
Мұны ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымымен үйлесетін жол деп қарастыруға болады. БАҚ – халықтың көзі, құлағы һәм тілі болса, журналистер соған қызмет етсе, ал билік халықтың үнін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы естіп, БАҚ-тағы сыннан шұғыл қорытынды шығарып, нақты шешім қабылдап отырса, онда журналистердің де, биліктің де бұқара алдындағы сенімі мен беделі артып, БАҚ аудиториясы еселеп өсуші еді. Ол өз кезегінде біртіндеп халықтың әлеуметтік желіден БАҚ-қа ауысуына ықпал етіп, дамыған елдердегідей ақпараттық жүйенің қалыптасуына, дәлірек айтқанда, ұлттық ақпараттық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне жетелейтін жүйе қалыптастырушы еді. Өкінішке қарай, еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген 30 жылда БАҚ кімге қызмет етуі керек деген сұраққа жауап берілмей келеді. «БАҚ туралы» заңымызда журналистердің функциясына қатысты бап жоқ. Соның салдарынан БАҚ бұқараға қызмет етпей, байлық пен биліктің қолжаулығына айналып тұрған жайы бар. Журналистердің халық алдындағы құрметі мен беделінің құлдырап бара жатқанының себебі де сол. Ол – елдігімізге сын, мемлекеттігімізге төніп тұрған қауіп. Өйткені мемлекеттегі әр билік тармағының, соның ішінде «төртінші биліктің» дербестігі мен халыққа толыққанды қызмет етуін қамтамасыз етпесек, онда елде тоқырау болатынын, оның соңы бүліншілікке ұшырататынын тарих деген дана қарт сабақ етіп келе жатқан жоқ па? Кеңестік қызыл империяның айдың-күннің аманында жалп етіп құлап, «мәңгілік мызғымас» одақтың тарап кетуінің бір сыры сонда жатқаны айтпаса да түсінікті. Алысқа бармай-ақ, кешегі қаңтар қасіретінен сабақ алсақ болар еді ғой. Егер БАҚ халықтың сөзін сөйлеп, сойылын соғып отырғанда ол қасіреттің алдын алып, көп мәселені қан төккізбей шешуге болушы еді. Бетін аулақ қылсын, алда ондай жағдай қайталанбайтынына кім кепіл? Оны болдырмаймыз десек, салдарымен күресуден бұрын себебін тауып, қателікті түзетумен айналысқан дұрыс емес пе? Кеңес заманында БАҚ «коллективті үгітші, коллективті насихатшы және коллективті ұйымдастырушы» функциясын атқарды. Лениндік методология соны заңдастырды. Кез келген бұқаралық ақпарат құралы коммунистік партияның органы болып бекітілді. Сол себепті коммунистік партияның үгітшісі, насихатшысы және ұйымдастырушысы қызметін атқарды. Бір партиялық жүйе елді тоқырауға әкеліп тірейтінін кеңес дәуірі дәлелдеді. Бұдан шығатын қорытынды, БАҚ-тың кімге қызмет етуі керек екенін айқындау маңыздылығы туады.
Қазақстан тәуелсіздігін алысымен осы мәселе шешімін табуы тиіс еді. Бірақ олай болмады. БАҚ-тың функциясы туралы сұраққа осы уақытқа дейін жауап берілмей келеді. Соның салдарынан БАҚ-ты көрінген көк етікті өз мүддесіне пайдалану етек алды. Қойшы көп болса, қой арам өледінің кебін кидік. Атың шықпаса, жер өрте демекші, БАҚ-ты құлқынының құлына айналдырушылар көбейді. Журналистиканың қоғамдағы орнын, жол бастаушылық қасиетін, қозғаушы күш екенін, соған байланысты жауапкершілік жүгі ауырлығын жетік білмейтіндер БАҚ менеджеріне дейін көтеріліп алды. Өздерінің адасып жүргендеріне қарамастан, елді шатастырушылардың қарасы көбейді. Тіпті, журналистерді арнайы оқытудың қажеті жоқ дейтіндер шықты. Азуын айға білеген Америкада, кәрі құрлық Еуропада, Азияның алыбы Жапонияда журналистика мамандары арнайы даярланатынынан бейхабар әлдекімдер еліміздің жоғары оқу орындарындағы журналистік білім беретін кафедра, бөлім, факультеттерді жауып тастау керек деп кеуде соғатын болды. Ерінбеген етікші болатын сала журналистика емес екенін олар қайдан білсін? Журналистік жауапкершіліктен жұрдай, оқу-тоқуы жоқ, тамыр-таныстықпен жұмысқа тұрып алған, шалажансар сондай жандарға қарап «Журналисің осы ма?» деп түңілу байқалады қоғамда. Мұның арты жақсылыққа апармайды. БАҚ-ты тазартатын, алаш зиялыларының жолын жалғайтын журналистермен қамтамасыз ететін уақыт жетті. Қоғам сондай журналистерге зәру. Біз мамандарды солай даярлауға құлықтымыз.
Үлгі іздесек, алысқа барудың қажеті жоқ. Алаш оқығандарының күш біріктіруімен 1913 жылы Орынборда жарық көрген, алты жылға таяу ғұмырында, шын мәнінде, халықтың көзі, құлағы һәм тілі бола білген, бодан қазақты оятып қана қоймай, азаттық жолындағы ұлы күреске бір жұдырық етіп жұмылдыра алған, ұлт етіп ұйыстырып, бұқаралық сананы кемінде елу жыл ілгері оздырған, биыл 110 жылдығы аталып өтуге тиісті «Қазақ» газетін үлгі етіп, отандық бұқаралық ақпарат құралдарын сол жолға қайта салсақ, тақиямызға тар келмес еді. БАҚ-тың халықты тәрбиелеу, білім берушілік, мәдениет көтерушілік, таным мен талғамды өсіру қызметтері туралы айтсақ, «Қазақ» газеті – дара мектеп. Ахмет Байтұрсынұлының 50 жылдық мерейтойына арнаған ұлысымыздың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің портретті очеркі соған айқын айғақ: «Қазақ» газетінің сүтін еміп өскен бір буын осы күнде пікір-білім жолында бұғанасы бекіп, іс майданына шығып отырса, кейінгі жас буын Ақаң салған өрнекті біліп, Ақаң ашқан мектепті оқып шыққалы табалдырығын жаңа аттап, ішіне жаңа кіріп жатыр. Ақаңның бұл істеген қызметі – қазақтың ұзын тарихымен жалғасып кететін қызмет, істеген ісімен өзіне орнатылған ескерткіш – мәңгілік ескерткіш. Қазақ жастарының ардақты тәрбиешісі Ақаң сөйлегенде менің есіме «Қазақ» газетінің әуендері түседі. Біз ол күнде мектеп ішінде жүрген бала едік. Бірақ патша саясаты темір бұғаудай мойынға батып, қазақ жұртын әлсіретіп, «кедейді шалапқа мас қылып, байды қымызға мас қылып», елдігін жоғалтып бара жатқанын тұманды оймен сезуші едік. Көмескі жауы қазақтың бесіктегі баласының көзіне де елестегендей еді. Сол уақыттарда «Қазақ» газетінің бетінен анда-санда оқып отырған әсерлі анық сөздер қауіптің пішінін айқын қылып көрсетіп, мектептегі жас балалардың сезімін түзу жолға беттеткендей болушы еді. Жас буынның жаңа туып келе жатқан әлсіз ойын «жол мұндалап», жетегіне алып бара жатқандай байқалушы еді. Мектептегі сабағын оқымайтын бала «Қазақ» газетін көрген жерде қадалып тұрып қалатын. Бөтен қалада қыр есіне түсіп, елін ойлап жүрген балаға «Қазақ» газеті ауылынан келген сәлемдемедей болатын, ел басына келген бәленің атын білмей, түсін танымаса да, елі мінген еспесі жоқ қайықты теңіздің ішінде жылжытып бара жатқан жел мен қүйынның бар екенін оқып жүрген бала да сезетұғын. Қазақтың еңкейген кәрі, еңбектеген жасына дейін түгелімен ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған, етек-жеңін жиғызған «Қазақ» газеті болатын. Ол газеттің жаны кім еді? Ішіндегі қажымайтын қайрат, кемімейтін екпін кімнің екпіні еді? Ол екпін, ұйықтаған қазақты айқайлап оятуға заман ерік бермеген соң, маса болып қалай ызыңдап оятамын деп, ұзақ бейнетті мойнына міндет қылып алған Ақаңның екпіні болатын» деген жолдар сол жайынан сыр шертеді.
Нарықтық экономикаға бейімделу жағынан да Ахмет Байтұрсынұлы бас редакторы болған газет үлгі бола алады. Монархиялық Ресей билігінен бір рубль (сол тұстағы қазақ ақшасы) алмақ тұрмақ, керісінше салығымен қоса, бірнеше мәрте айып сомасын өтеп беріп, шаш етектен шығынға батқанына қарамастан, өзін-өзі толық қаржыландырған, тіпті үстінен табыс тауып, білім қуған қазақ жастарына жолақысы мен шәкіртақысын төлеп беріп, қамқорлығына алған басылым өнегесін үлгі етіп неге ұстанбасқа? Оған қол жеткізу үшін «Қазақ» газеті басқармасы оқырмандарымен жанды байланысты жолға қойған. Әр оқырманының жүрегінен жол таба білуі жылдан-жылға таралымының еселеп артуынан анық байқалады. Халық қолдан-қолға асырып, іздеп жүріп оқитынын көрген кәсіпкерлер өз жарнамаларын, түрлі хабарландыруларын соған жариялауға асығуы да табыс көзі болғаны тәнті етеді. Сонымен тоқтап қалмай, «Азамат» серіктігін құрып, қазіргі тілмен айтқанда, Акционерлік қоғам ашып, қосымша инвестиция тартып, қазақ тарихында тұңғыш баспахана сатып алған тәжірибелерін үйренсек қане? Медиа маркетинг, медиа менеджмент дегеннің хас үлгісін көрсеткен басылымнан үйренеріміз көп. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, қорыта айтқанда, халқымыздың ХХ ғасыр басында айырылып қалған төл атауын қайтару қамында және патшалық Ресей монархиясының бөлшекте де билей бер саясаты салдарынан рулық-тайпалық санамен уланған, бірі-бірімен жауласып, тоз-тозы шыққан қазақты бір ұлт етіп біріктіру, ұйыту мақсатымен алаш қайраткерлері шығарған «Қазақ» газетінің өнегелі жолын үлгі етіп, отандық журналистиканы жаңғыртатын, дербес әлеуметтік институт, шынайы төртінші билік деңгейіне көтеретін уақыт жетті дегіміз келеді.
Қайрат САҚ,
Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, алаштанушы