Отбасы – тәрбие бесігі
Кеше Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында «Отбасы – тәрбие бесігі» атты кеңейтілген кеңес отырысы өтті.
Жиынның модератары, «Аманат» партиясы облыстық филиалының төрағасы Н.Байқадамов аймақтың білім саласы қызметкерлері мен ата-аналардың қатысуымен өткізілгелі отырған «Отбасы – тәрбие бесігі» атты кеңейтілген кеңес облыс әкімінің бастамасымен ұйымдастырылғанын атап өтті. Сондай-ақ, кеңес отырысында талқыға салынатын тақырыптар жайынан хабардар етті.
Бүгінгі қоғам алдындағы басты мақсат – өмірдің барлық саласында еңбекқор белсенді, шығармашылық іс-әрекеттерге қабілетті, еркін ұрпақ тәрбиелеу. Ол үшін еліміздің болашағы – ұрпақ тәрбиесімен айналысатын отбасы, мектеп, қоғам және жұртшылықтың тәрбиесі кіріктіріліп жүзеге асырылуы тиіс, – деді Наурызбай Сейтқалиұлы.
Жиында саяси ғылымдар докторы, профессор, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Бақтиярұлы келелі пікірін айтып, кейінгі 20-30 жылдың көлемінде ұрпақ тәрбиесіне қатысты орын алған олқылықтарды саралап өтті. Әрине, нақты деректермен, дәйектермен айқындалған көрсеткіштер көңілді құлазытады.
– Аға ұрпақ біледі, кешегі ғасырдың 90-жылдары «Біз мемлекет боламыз ба?», «Қайда барамыз, қандай мемлекет боламыз?» деген сауалдар алдымызда тұрды. Сол кезде балабақшалар талан-таражға түсті, ал мектептердің білім мен тәрбие беру жұмыстарына қаржы жетпей, мұғалімдер бірнеше айлар бойы еңбекақы алмаған кездер болды. Сол кездерде дүниеге келген ұрпақтардың ұрпағы бүгінде балабақша, мектеп, университет қабырғасында тәрбиеленіп жатыр. Ол үшін оларды кінәлауға болмайды, оған біз, яғни, аға ұрпақ кінәліміз. Сол кезеңдерден бастап қатыгез, мейірім мен адами құндылықтардан ада, ата-анаға, үлкенге деген құрметі азайған, қала мен ауыл, бай мен кедей, әсіредіншіл, дүбәра ұрпақтың қалыптасуы басталды. Бір-бірінен алшақ әлеуметтік топтардың болуы, олардың бір-біріне ашық қарсы шығуы, қатыгездік пен озбырлыққа баруының түп тамыры білімде жатыр, – деді Мұрат Бақтиярұлы.
Оның айтуынша, Назарбаев зияткерлік мектептері мен қарапайым мектептер арасындағы жер мен көктей алшақтықтың жалпы білім сапасына айтарлықтай әсері бар, әсіресе, еліміздегі мектеп оқушыларының 44 пайызын құрайтын ауыл мектебінің оқушысына аталған зияткерлік мектеп оқушысының деңгейіне жету үшін кемінде алты жыл уақыт қажет екен. Осы орайда қолға алынып жатқан «Жайлы мектеп» жобасы бойынша қала мен ауыл мектептерінің білім беру деңгейін сәйкестендірудің маңызы өте зор.
Облыстық полиция департаменті басшысының міндетін атқарушы Ш.Әмитовтің кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары туралы хабарламасында бала тәрбиесінде бірлесіп атқарған профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде 6415 құқықбұзушылық анықталса, қаңғыбастық пен кезбелікке салынған 305 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылған.
Осы деректер бойынша 5 мыңнан астам жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Осындай бірнеше деректерге шолу жасаған полиция департаментінің өкілі бұл жұмыстардың лайықты жалғасын табатынын атап өтті.
Кеңейтілген кеңесте облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет хабарлама жасап, жас ұрпақ тәрбиесіне қатысты салада атқарылып жатқан жұмыстарды назарға ұсынды.
– Негізінен, бүгінгі күнге дейін берілетін білімнің құрылымы мен мазмұнына ерекше екпін түсіріліп келді. Ендігі жерде, мектептегі тәрбие жұмысын жаңарту, оны заман талабына лайықтау – жауапкершілігі зор басты бағытымыз. Қазір әлемдік педагогиканың өзінде тәрбиені білімнің алдына қойып отыр. Себебі, тәрбиесіз берілген жалаң білім құндылықтарға қаныққан Абайдың «Толық адам» бейнесін қалыптастыра алмайды. Біздің оқу-ағарту саласын дамытуға, білім сапасын көтеруге бағытталған бар жұмысымыз – білімі мен тәрбиесі қатар үйлескен оқушының қалыптасуы үшін қолайлы білім беру ортасын құру, – деді басқарма басшысы.
Бала тәрбиесімен қатар олардың білім алуында қауіпсіз ортада өмір сүруі – ерекше жауаптылықты қажет етеді. Осы орайда, аймақтағы барлық білім беру ұйымдарының қауіпсіздігі жолға қойылып, бейнебақылау жүйесімен қамтылған. Сондай-ақ, барлық білім беру ұйымдарында полиция бөлімшелеріне қосылатын дабыл түймесін іске қосу жұмыстары осы жылы шешімін табатын болады.
– Бүгінгі күні мектеп қабырғасында білім берумен қатар, ұлттық тәрбиеге ден қойып, осы бағыттағы жұмысты күшейтуді қажет етеді. Олай дейтініміз, қазіргі таңда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзу, топтық төбелес, қыз балалар арасындағы әлімжеттік, буллинг, кибербуллингтің белең алуы тәрбие жұмыстарының әлсіз тұстарын көрсетті.
Өткен жылмен салыстырғанда кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс пен құқық бұзудың саны 36,7 пайызға, топтасып жасалған қылмыстар 30,8 пайызға төмендеген. Дегенмен балалардың тәртібін қадағалауда босаңсуға болмайтынын ескеру керек. Айта кететін бір жайт, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың барлығы да сабақтан тыс уақытта орын алған. Демек, бұл жерде ата-аналардың бақылауы мен қадағалауының жеткіліксіздігі байқалады, – деді Мейрамбек Зинабдинұлы.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, жас ұрпақтың саналы адам болып қалыптасуында оған білім мен тәрбие беруден бөлек, дені сау, саламатты тұлға болуын қадағалау және әлеуметтік хал-ахуалының дұрыс болуын қамтамасыз ету мәселесі бар. Осыған байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары М.Мырзанова және Балалар құқығы мәселелері бойынша өңірлік уәкіл Ж.Ұзақбаева хабарлама жасады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары М.Мырзанованың айтуынша, 2022 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық денсаулық сақтау орталығы» «Дені сау ұлт» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде мінез-құлықты бақылау бойынша оқушылардың денсаулығы мен әл-ауқатына қатысты зерттеу жүргізген. Зерттеу нәтижесінде, жасөспірімдердің 17 пайызға жуығында психикалық денсаулығының нашарлығы немесе депрессияның мүмкін белгілері анықталған.
– Денсаулық 3 фактордан тұрады: физикалық, психикалық және әлеуметтік әл-ауқат, ал суицид – осы үш фактордың ауытқуының нәтижесі.
Суицидтің алдын алу бағдарламасы негізгі 3 компоненттен тұрады: яғни, жасөспірімдер мен балаларды психикалық денсаулық туралы хабардар ету, мұғалімдерді, дәрігерлер мен психологтарды оқыту және сауалнама арқылы тәуекел топтарын анықтау.
Облыс бойынша 2022 жылы кәмелетке толмағандар арасында өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы 2021 жылмен салыстырғанда 27 пайызға төмендесе, есесіне суицидке ұмтылыс жағдайлары 2,5 есеге жоғарылап отыр.
Сонымен қатар, ол 2022 жылы оқушылар арасында ерте жүктілікпен 138 жасөспірім тіркелгенін айта келіп, одан туындайтын көптеген мәселелерді талдап, түсіндірді. Бұдан әрі баланың дұрыс тамақтанбауы, яғни, фастфуд, газды және энергетикалық сусындардың жасөспірімнің денсаулығына зияны туралы, сонымен қатар, өміріміздің бір бөлшегіне айналып кеткен гаджеттерді шамадан тыс қолдану баланың психикасын өзгертіп, ой-санасының дамуын бәсеңдететіні айтылды.
С.Толыбеков атындағы №3 IT мектеп-лицейі ата-аналар комитетінің төрайымы А.Қосанова білім ошағындағы «Ата-аналар комитеті», «Әжелер мектебі», «Әкелер кеңесі» және «Аналар академиясы» жұмысы жайлы айтып, осы бастамалардың оң нәтиже беріп отырғанын атап өтті. Осындай бірлескен тәрбиелік бағыттағы жұмыстардың айқын нәтижесі болар, мектепте ювеналды полиция есебінде тіркелген оқушы жоқ. Сонымен қатар қолайсыз отбасылар да тіркелмеген.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, филология ғылымының кандидаты А.Айтбаева отбасы тәрбиесінің стратегиясы және ұлттық құндылықтар туралы мәнді де мазмұнды баяндама жасап, бала тәрбиесіндегі ұлттық ұстанымдардың, яғни, салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр құндылығының орны айрықша екенін атап көрсетті. Ұлағатты ұстаз отбасы институтының іргетасын нығайтып, әке тағылымы, ана мейірімі арқылы саналы ұрпақ тәрбиелеу ісі болашақ үшін аса жауапты міндет деп түйіндеді сөзін.
Кеңейтілген кеңес отырысын облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қорытындылады.
– Бүгінгі басқосудың мәні мен маңызы ерекше. Қай кезде де ұрпақ тәрбиесін ұлы құндылыққа балайтын, еңбек пен білімді ұштастыра білген әр ата-ана үшін бала болашағы бәрінен қымбат. Мен сіздермен бұл кездесуге аймақ басшысы ретінде ғана емес, ата-ана, әке ретінде ашық пікірлесіп, ой бөлісу үшін келдім.
Балаға тәлімді тәрбие мен лайықты білім беруде баршамыздың ұстанымымыз бір, мүддеміз ортақ. Ол – туған елін шексіз сүйетін, өз ісіне адал, еңбекқор, ізгі ұрпақ тәрбиелеу.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз» деп балаларға терең әрі тағылымды тәрбие беру қажет екенін атап өтті.
Сәт сайын өзгеріп, көз ілеспес жылдамдықпен дамуға бет алған бүгінгідей дәуірде рухани құндылықтар мен ұлттық тәрбиенің өзегінен ажырап қалмауға тиіспіз. Қазақ халқының ұлы ақыны, дана Абайдың «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата-ана, жақсы құрбы, ұлағатты ұстаздан болады» деген өсиеті әлі күнге дейін өз мәнін жоғалтқан емес. Қайта уақыт озған сайын салмағы еселене түсті. Ата-ананың ең үлкен бақыты – баласының жақсы азамат болып өсуі десек, мемлекет пен қоғамның да басты мақсаты – елге ие болатын білімді әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу.
Мемлекет басшысы өткен жылды «Балалар жылына» арнап, айрықша маңыз берді. Мерейлі жылы жеткіншектерімізге бұрынғыдан да көбірек көңіл бөлуге, асқақ армандарына басқан қадамдарын демеуге күш салдық.
Бүлдіршіндерге тарту ретінде аймақта демеушілердің қолдауымен құны 1,6 млрд теңгеге 80 балалар спорт-ойын алаңын пайдалануға бердік. Тек қаланың ортасында ғана емес, шеткері аймақтарда да ойын алаңдары салынды. 2022 жылы 19 балабақша ашылды. Өткен жылы 6 мектеп тапсырып, 2 апатты білім беру ұйымының мәселесін шештік. Былтыр Жалағаш ауданында 250 орындық заманауи «Оқушылар үйін» ел игілігіне табыстадық.
Үкімет басшысының Сыр еліне сапары барысында 300 орындық жатақханасы бар 400 орындық «физика-математика» бағытындағы мектеп-интернат салу жобасы қолдау тапты. Ал биыл «ҚазГерМұнай» компаниясы Қызылордада заманауи 350 орындық «Оқушылар сарайының» құрылысын бастайды.
Алдағы 3 жылда 64 балабақша ашу жоспарымызда бар. Осылайша 11 мыңға жуық бүлдіршінді қамтимыз. Бұған қоса, биыл 940 орындық 4 жаңа мектепті пайдалануға береміз. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде 15100 орынға арналған 21 мектеп салынады. Жалпы құны 98 млрд теңгені құрайды. Бұл – білім саласындағы бұрын-соңды болмаған үлкен жоба.
Жеке мектептердің де үлесі артуда. Білім саласына инвестиция салған кәсіпкерлеріміз аз емес. Қазірдің өзінде өңірде 21 жеке мектеп жұмыс істесе, алдағы 3 жылда инвесторлар 12 мектеп салуға ниет білдірді. Біз білім саласына жанашыр меценат кәсіпкерлерді әрдайым қолдауға әзірміз, – деді облыс әкімі.
Аймақ басшысы кеңейтілген отырыста талқыланған мәселелер бойынша барлық сала жетекшілеріне тапсырмалар беріп, бала тәрбиесіне бағытталған жұмыстарды барынша сапалы әрі жауапкершілікпен атқаруға шақырды. Жиын қорытындысымен отбасы құндылығын нығайтып, жас ұрпақ тәрбиесін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған Үндеу қабылданды.
Ғазиза ӘБІЛДА