ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛДЫ
Партияның жергілікті жерлердегі негізгі тірегіне, түрлі мәселелерді талқылау алаңына айналған қоғамдық қабылдау бөлмесінің 2021-2022 жылдардағы көрсеткіші бойынша партия филиалының төрағасы, Атқарушы хатшысы, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары және дербес бөлім басшыларының қатысуымен 396 қабылдау өткізіліп, 925 өтініш қабылданды. Тіркелген өтініштің 83% оң шешімін тапса, ал түсіндірме жұмыстары жүргізілген өтініштер саны 17% құрады.
Сонымен қатар облыстық партия филиалының мобильді қабылдау тобы арнайы келіп, 9 ауылды көшпелі қабылдау өткізіп, 171-нен аса ауылдық және елді мекендердің тұрғындарын түрлі мәселелері бойынша қабылдады.
Бүгінде партия филиалының жанында 5 қоғамдық кеңес жұмыс жасауда. Соңғы екі жылда 36 қоғамдық кеңестің отырысы өткізіліп, 72 сұрақ қаралған. Күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес кеңес мүшелері тарапынан 165 ұсыныс беріліп, тиісті орындарға хаттамалық тапсырма негізінде жолданды.
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының жүзеге асуы – партияның басты назарында. «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының аясында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп әзірленген Шиелі ауданы бойынша Жол картасында 2025 жылға дейін 91 іс-шара жоспарланған. Жол картасының 2022 жылдың 1 желтоқсанына 91 іс-шараның 64 шарасы орындалып, 70,3 пайызды құрап отыр.
Сондай-ақ бүгінде партиялық жобалардың маңыздылығы артуда. «AMANAT» партиясының жобалары аясында ауданымызда бірқатар іс-шаралар атқарылып келеді. «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Ulttyq Mura», «Ардагерлерді ардақтайық», «Халыққа көмек» жобалары аясында әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, материалдық көмектер жасалып, аудандағы бірқатар әлеуметтік нысандардың мүмкіндігі шектеулі тұрғындарға қолжетімділігі зерделенді.
Партия жастармен жұмысты жүйелі жолға қойды. «AMANAT» партиясының жастар қанаты «Жастар рухы» болып өзгерді. Шілде айында жастар қанатының кезектен тыс VI съезі өтіп, жастар қанатын трансформациялаудың жаңа бағдарламасы қабылданды, орталық кеңестің құрамы өзгерді. Бұл өзгерістер жастармен жұмыстың белсенділігін арттыруға, олардың қоғамдағы түйткілді мәселелерінің шешілуіне жаңаша бетбұрыс әкелері сөзсіз.
Партияның басты мақсаты – әрқашан халықтың игілігі жолында жұмыс атқару. Осы ретте «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалы бүгінгі күннің талабына сай халық пен мемлекеттік билік арасында алтын көпір ретінде өз жұмысын жалғастыруда.
«AMANAT» партиясын алда үлкен жұмыстар күтіп тұр. Жоғарыда көрсетілген жұмыстар партия филиалымен атқарылған жұмыстардың бір ғана бөлігі болып табылады. Жаңа жобалар, тың бастамалар халық игілігіне жарауы үшін белсенді жұмыстар жалғасын табуы тиіс. Партияластарды ауданымыздың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, жаңа бастамаларды жүзеге асыруға атсалысуға шақырамын.
#AMANAT