Қолжетімді қосымша білім
Білім саласындағы реформалардың бір бағыты – балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Аңғарсақ, бірнеше жылда Үкімет балалардың шығармашылығын шыңдауға көбірек көңіл бөліп, қала, аудан, ауылдарда үйірмелер бірінен соң бірі ашылды. Астана қаласының оқушыларына да қосымша бiлiм беретiн мектептен тыс ұйымдар қолжетімді.
Қосымша білім беретін ұйымдар техникалық, жаратылыстану, туристік-өлкетану, дене шынықтыру-сауықтыру, әлеуметтік-гуманитарлық және көркемдік бағыт бойынша балаларды шыңдайды. Оқушы қай үйірмеге баратынын өзі шешеді. Бастысы, бос уақытын пайдалы іске арнаса болды. Қазір балаларға қосымша білім беретін мекемелер көптеп ашылғанымен, жылдан-жылға оқушылардың саны да артып жатқанын елеп-ескеру қажет. Өңірлерде қосымша білім беру ұйымдарын ашу бағытындағы сол үшін де үзілген жоқ.
Нақ қазір елордада 11 қосымша білім беретін ұйым бар болса, оның 158 филиалы мен 10 community орталығы ашық. Бұған қоса үйірмелерге қатынайтын балалардың үлесін арттыру мақсатында «Bilim park» қосымша білім беру орталығы, «Аrt is Forever» бейнелеу өнері мұражайы, «Muz alem» №2 Балалар музыка мектебінің филиалы, «Saz аlemi» №3 Балалар музыка мектебінің филиалы, «Asyl mura» №1 Өнер мектебінің филиалы жұмыс істейді. Ол аз десеңіз, 2021 жылы қыркүйекте «Теміржолшылар» кентінде мыңнан аса баланы қамтитын Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының және «Көктал» тұрғын үй алабында 600 баланы қамтитын М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының филиалдары ашылған. Оқушылардың шығармашылығын шыңдау мақсатында қала әкімдігінің білім басқармасы шахмат федерациясымен бірлесіп, қаланың барлық мектебінде шахмат үйірмесін ашуға ықпалдасқан. Тағы да бір жаңашылдыққа тоқталсақ, әр мектепте домбыра сыныбын ашып, оқушылар арасында домбыра оркестрлерін құру жайы да пысықталып жатқан көрінеді. Енді осы өзгеріс оқушыларды бала жастан ел тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін сыйлап-құрметтеуге үйретеді дегенге үміт басым.
Қазір Астана қаласындағы мектептерде 152 546 оқушы (76,8%) қосымша біліммен қамтылған. Олар ұзын-саны 2 370 үйірмеге қатынайды. Ал мектептен тыс ұйымдарда және жалпы білім беретін мектептерде 763 спорт секциясына 88 555 (44,5%) оқушы қатысады екен.