ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТӨЛ ПЕРЗЕНТІНЕ ҚҰРМЕТ
Шежірелі Шиелінің құнарлы топырағынан әр салада аты шыққан талай жақсы мен жайсаң қанат қақты. Атап айтқанда, Алаш қайраткері Мұстафа Шоқай, даңғайыр диқан Ыбырай Жақаев, сырнай сазымен қазақ даласын тербеткен халық композиторы Нартай Бекежанов, даңқты ақын Әбділда Тәжібаев, мемлекет қайраткері, геология-минералогия саласының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан академик Шахмардан Есенов, күш атасы – Қажымұқанның сом бейнесін кестелеген көрнекті қаламгер Қалмақан Әбдіқадыров – Шиелінің мақтан етер тумалары. Осы тұғырлы тұлғалардың ізін жалғап, журналистика мен әдебиет саласында, елдің қоғамдық-саяси өмірінде өзіндік қолтаңбасын қалдырып келе жатқан жанның бірі – Ақайдар Ысымұлы.
Қазақ журналистикасының қайраткері, Қазақстанның мәдениет қайраткері, тіл жанашыры, Шиелі ауданының «Құрметті азаматы» биыл жетпістің желкеніне жетіп отыр. Ақайдар Ысымұлы бүгінге дейін журналистиканың барлық жанрында қалам тербеп келеді. Әдебиет және өнер сынына да атсалысты. Әйгілі ақын, жазушы, аудармашы Қалмақан Әбдіқадыровтың шығармашылығын зерттеді. Жазушының «Қажымұқан» повесінің қырғыз тіліне аударылуына ұйытқы болды. Нартай Бекежанов туралы «Сүлейлердің сүйрігі», «Мұстафа Шоқай. Түркістан үшін», «Мұстафа Шоқай. Мұстафа жолы», «Шахмардан» сынды кітаптар жазды.
Қазақ журналистикасының қайраткері, Қазақстанның мәдениет қайраткері, тіл жанашыры, Шиелі ауданының «Құрметті азаматы» биыл жетпістің желкеніне жетіп отыр. Ақайдар Ысымұлы бүгінге дейін журналистиканың барлық жанрында қалам тербеп келеді. Әдебиет және өнер сынына да атсалысты. Әйгілі ақын, жазушы, аудармашы Қалмақан Әбдіқадыровтың шығармашылығын зерттеді. Жазушының «Қажымұқан» повесінің қырғыз тіліне аударылуына ұйытқы болды. Нартай Бекежанов туралы «Сүлейлердің сүйрігі», «Мұстафа Шоқай. Түркістан үшін», «Мұстафа Шоқай. Мұстафа жолы», «Шахмардан» сынды кітаптар жазды.
Оқушы кезінен-ақ қаламға әуестігі оянған А.Ысымұлының алғашқы еңбек жолы аудандық «Өскен өңір» редакциясында басталды. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ басылым бетіне мақала жазып жүрген жас тілші ата басылымда үш жылға жуық корректор, тілші болып қызмет істеді. Кейін өзі қалаған жоғары оқу орнының күндізгі бөліміне ауысты. Оны 1975 жылы аяқтады.
Қолына диплом тиген соң, Қазақ КСР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетіне қарасты Қазақ теледидарында (қазіргі «Қазақстан» ұлттық арнасы), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде журналист болды. 1988-1992 жылдары өзі оқыған әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде аға оқытушы болып қоса қызмет атқарды.
Елімізде демократиялық өрлеу, жаңғырудың алғашқы толқыны кезеңінде, сол 1990 жылдан Жоғарғы Кеңесте, кейін Парламент Сенатында, Әділет министрлігінде, Премьер-министр Кеңсесінде жауапты қызметтер істеді. Ондай жауапкершілігі зор қызметте журналистік мамандық аздық ететінін түсініп, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің заң факультетіне түсіп, үздік бітірді. Заңгер мамандығын алған соң өрісі кеңейді. Қазірге дейін осы екі мамандықты ұштастырып келе жатыр.
Қаламгердің қаламынан «Есабыз әулие», «Шиелі», «Жылдар ізі», «Әлеуетті әулет. Династия Ашляевых» кітаптары, «Шежірелі Шиелі», айтыс ақыны Махамбетқали Тұрсанұлы туралы «Сырдың бас ақыны» жинақтары шықты. Сондай-ақ замана тынысы, замандастары жайлы толғаған көркем очерктері, ғылыми-зерттеу, танымдық портреттік мақалалары басқа да оннан аса жинаққа енді.
Өткен аптада Шиелі жұртшылығы төл перзентінің мерейтойын өз деңгейінде атап өтті. Алдымен қайраткердің өзі туып-өскен Ә.Тәжібаев ауылында ауыл халқымен кездесу кеші ұйымдастырылды. Шараға заңгер-журналистің бала күнінде бірге өскен достары, сыныптастары мен ауыл ақсақалдары, мектеп оқушылары қатысты. Кеш барысында Ағайдар Ысымұлының жастық шағы, өскен ортасы, жетістікке жету жолындағы табандылығы жайлы түрлі естеліктер сөз болып, құттықтау тілектер айтылды. Мектеп оқушылары қайраткер көкелеріне арнап өз өнерлерін ортаға салды.
Салтанатты шара соңында ауылдағы ағайын төл перзентінің иығына шапан жауып, ат мінгізді.
Қоғам қайраткеріне деген құрмет мұнымен аяқталмады. Қарымды қалам иесінің мерейтойына арналған шығармашылық кеш түс ауа Көкшоқыдағы «Арман» мәдениет үйінде жалғасын тапты. «Төл перзентің төріңде» атты кездесу кешінің шымылдығы журналистің балалық бал күні, студенттік шағын сомдаған аудан өнерпаздарының прологымен түрілді. Шараға қаламгердің сенімді серіктері, сырлас достары, сыйлас ағайындары, шығармашылықтың тарландары жиналды.
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтаған аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың құттықтау сәлемін жеткізіп, Қызылорда облысының «Құрмет грамотасын» табыстады. Одан соң аудан әкімі Нұржан Ахатов:
– Әр өңірде өзінің өмір жолымен, елге, халыққа сіңірген еңбегімен өскелең ұрпаққа үлгі болатын, халқы ардақ тұтатын азаматтары бар. Киелі Шиелінің осындай түлегі, журналист, заңгер, мәдениет қайраткері, ауданның «Құрметті азаматы» Ағайдар Ысымұлы биыл 70 жасқа толып отыр. Ағамыздың туған жеріне арнаған тоғызға жуық еңбегі жарық көрді. «Азаматын ардақтаған ел азбайды» дейді халық даналығы. Осындай елі мен жерін сүйген ұлы азматтарымызды ардақтап, қадір тұту келешек ұрпақтың еншісінде. Бүгін Шиелі халқының рухани-мәдени өмірінде айрықша мерейлі күн, – деп журналиске Шиелінің символы ақ күріштен жасалған портретін сыйлап, жерлестері атынан ат мінгізді.
Келесі болып сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмаил мерейтой иесіне Қызылорда облысының «Құрметті ардагері» төсбелгісін табыстап, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты. Одан соң Ағайдар Ысымұлының өмірлік достары, курстастары, мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы-журналист, Мәжіліс депутаты, филология ғылымының докторы, професор, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сауытбек Абдрахманов, «Тарлан» сыйлығының лауреаты, журналист Тілеуқабыл Мыңжасаров, жазушы, журналист, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әлібек Асқаров, халықаралық «Алаш әдебиеті» сыйлығының лауреаты Заманбек Әбдешовтер мерейтой иесінің тұлғалығы, адами қасиеті, досқа адалдығы, шығармашылық еңбектеріне тоқталып, ізгілікті бастамалары ел жадында сақталатындығын жеткізді.
Мерейлі кеште алыстан ыстық ықыласын жаудырған әдебиет пен мәдениет өңілдерінің бейнеқұттықтауларына да кезек берілді. Салтанатты кеш соңы аудан өнерпаздарының әуелеген ән мен күйіне жалғасты.
Одан соң жиналған жұртшылық Н.Бекежанов атындағы мемориалдық өнер музейіне, Шиелі тарихи-өлкетану музейі мен Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы мұражайына табан тіреді.
Гүлхан СӘБИТҚЫЗЫ