«Парасат» орденінің иегері
Қазақ поэзиясының Құлагері атанған Ілияс Жансүгіровтен: «Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе, ел тегі қайдан алсын кемеңгерді» деген ұлағатты сөз қалды. Қазақ әдебиетіне қомақты олжа салған қаламгер, дарынды жазушы, ұлттық әдебиеттің көкжиегін кеңейтуге сүбелі үлес қосқан Сұлтанәлі Балғабаевтың шоқтығы қашанда биік.
Ол 1946 жылы 21 мамырда Қызылорда облысы, қазіргі Шиелі ауданы, Мұстафа Шоқай ауылында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін, 1964 – 1966 жылдары туған ауылында шопан болған. 1971 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіріп, «Білім және еңбек» («Зерде»), «Мәдениет және тұрмыс» («Парасат») журналында, «Жалын» баспасында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеген. Он жылға жуық Ғ.Мүсірепов атындағы Мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі болған. 1992 жылдан бастап дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары болса, 2002 жылдан бастап «Алтын бесік» журналының бас редакторы. Қазақстан Жазушылар одағының соңғы үш құрылтайында одақтың басқарма мүшесі болып сайланған. Сонымен бірге, қазір Жазушылар одағының «Драматургия» кеңесінің төрағасы. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында ұстаздық қызметте. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Құрмет» орденінің иегері. Сонымен қатар, Шиелі ауданының «Құрметті азаматы» атағы да бар.

Иә, тума тегінен талант шегіне дейін руханият болмысын поэзиямен пайымдап, драмамен дәйектеп, прозамен пәлсапалаған, сатирамен сын садағын кере тартқан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, жазушы-драматург, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, киелі поэзия, проза әлемінде өзіндік үн, өзіндік сыр, өзіндік бояуы мен ажары, оқырман қауымын елең еткізіп, тербеп жүрген һәм есімі республикаға танымал Сұлтанәлі аға жуырда Қазақстан Президентінің Жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталды.