ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ
Аудандағы денсаулық сақтау саласы өткен жылды табысты қорытындылады. Нақтысы – Ұлттық аккредиттеу орталығы эксперттері жүргізген сараптаудың нәтижесінде Шиелі ауданаралық ауруханасы республикадағы үздік екі ауданның бірі болып, I санатты көпбейінді аурухана статусын алды.
Соның арқасында аудандық аурухана құны 181 млн 795 мың теңге тұратын компьютерлік томография аппаратына қол жеткізді. Тек бұл ғана емес, биыл 548 млн 961 мың теңгеге басқа да қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілмек. Сөйтіп аудан халқы облыс орталығы мен өзге аймақтарға бармай-ақ жергілікті жерде тексеруден өтуге мүмкіндік алады.

Одан өзге ауыл тұрғындары сапалы медициналық қызметке қол жеткізуі үшін жақында ғана Лесхоз, Ақтам елді мекендерінде медициналық бекет құрылыстары аяқталған болатын. Енді Бала би, Досбол би, Бұланбай бауы ауылдарында медициналық амбулаториялық ғимараттардың құрылысы жүргізілгелі жатыр. Үш ғимаратқа арналған жобаның жалпы құны 1,2 млрд теңге деп жоспарланып отыр.
Сондай-ақ алдағы уақытта 5 бірдей елді мекенде дәрігерлік амбулатория салу және кенттен жұқпалы аурухана құрылысын бастау да күн тәртібіндегі мәселеге айналып отыр.
Г.СӘБИТҚЫЗЫ