Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТІС ТЕККЕ АУЫРМАЙДЫ

ТІС ТЕККЕ АУЫРМАЙДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялаған болатын. Яғни, биыл өскелең ұрпақтың біліміне, денсаулығына айтарлықтай көңіл бөлінуі тиіс. Балалар елдің ертеңгі болашағы болғандықтан, олардың саулығы айрықша маңызға ие. Сондықтан еліміздің әрбір өңірінде бала денсаулығы үшін қажетті жағдай жасалуы қажет. Денсаулық демекші, осы ретте бүгінгінің басты мәселесіне айналып отырған балалар тісі ауруын айта кеткен жөн.
Денсаулық сақтау ұйымының айтуынша әлемде 1,5 млрд бала тіс жегі ауруларынан зардап шегеді. Миға жақын орналасқан тіс ауруымен әсіресе мектеп жасындағы балалар ауырады. Ауданда тіс жегі құртымен ауыратын балалардың саны аз емес. Мұндайда мектеп оқушылары педятриялық дәрігердің көмегіне жүгінеді. Өңірде тіс емдейтін кленикалардың жылдан жылға көбейіп келе жатқаны көңіл қуантады. Олардың барлығы кәмелеттік жасқа толмаған балалардың тісін тегін емдейді. Солардың бірі – «Әдемі тіс» емханасы. Ол қазіргі таңда халыққа қызмет көрсетіп, аудандағы барша балалардың саулығы үшін нәтижелі жұмыстар атқарып келеді. Біз жуырда аталған тіс емханасының жұмысымен танысып қайтқан едік.
«Әдемі тіс» емханасы сонау 1974 жылдан бері ойдағыдай жұмыс істеп келе жатқан емханалардың бірі. Аудан орталығының қақ ортасынан қанат жайған емхананың ата-ана мен балалар үшін алар орны ерекше. Тұрғындар мұндағы дәрігерлерді «құтқарушы періште» деп атап кеткен. Неге десеңіз, тісі ауырған балалардың барлығы бірден осы жерге келіп, тіс дәрігерінің көмегіне жүгінеді. Бұл емханаға 3 жастан 18 жасқа дейінгі оқушылар мен студенттер келіп емделе алады. Мұндағы дәрігерлер әрбір пациенттің денсаулығына ерекше назар аудара отырып, тіс жегіннің сау болуын мұқият қадағалайды. Аталған емханаға қарасты мектептерде қазір 4 дәрігер және 4 мейірбике жұмыс істейді. Атап айтар болсақ, № 219, 244, 252 және 148 орта білім беретін мектептерде «Әдемі тіс» емханасының дәрігерлері балаларға сапалы қызмет көрсетуде. Енді мектеп оқушылары үшін Бидайкөй ауылында орналасқан №148 мектептебінде де тіс емдеуге арналған пункт жұмыс істейді. Бұл ауыл балалары үшін қолайлы. Ал, тұрғындар үшін 3 дәрігер және 2 мейірбике аудан орталығындағы емханада жұмыс істеуде. Күн сайын шамамен 30-40 науқас «әдемі тіс» емханасының көмегіне жүгінеді. Екі қабаттан тұратын ғимараттың бірінші қабаты жергілікті жұрт үшін сапалы қызмет көрсетуге әзір.
Ауданда тіс ауруынан зардап шегіп жатқан мыңдаған науқас бар. Олардың 60 проценті кәмелеттік жасқа толмаған балалар. Бас пен мидың тамырларына тікелей әсер ететін тіс ауруы жүйке жүйесі ауруларына шалдықтырады. Әсересе, сүт тістері енді шығып келе жатқан балаларда тіс қабынуы жиі пайда болады. Ал орта жастағы балаларда ең көп тараған ауру түрі – тісжегі (кариес), одан кейін – тіс ұлпасының қабынуы (пульпит), тіс түбірінің қабынуы (периодонтит), қызыл иек тіндерінің қабынуы (парадонтез) Бұл дерт жасқа да егде тартқандарға да ортақ. Тіс түбіріне ірің түссе, сол іріңді дереу жұлып тастау керек. Әйтпесе, іріңді ошақ жүрекке, бүйрекке әсер етіп, басқа дерттерді қоздырады. Ағзаның қорғаныш қабілетін әлсіретеді. Бірақ, көптеген ата-аналар баласының тісі ауырып, мазасы қашса, бірден жұлып тастауды дұрыс деп санайды. Бұл дұрыс емес. Егер сүт түстері зақымданып, шіріген болса ғана, онда оны жұлуға болады.
«Әдемі тіс» емдеу емханасының директоры, дәрігер Амангелді Абдурахмановтың айтуынша, ауыз қуысының қабынуын елемеген жағдайда флегмонаға алып келуі мүмкін. Бұл адам өміріне қауіпті. «Сондықтан тіс ауруларын алдын алып, дәрігермен кеңесіп тұрған абзал», – дейді.
– Қазір балалар арасында тіс жегіден зардап шегетіндер көбейген. Мұның басты себебі, аудандағы су процентінің төмен болуы. Судағы антибактериалардың салдарынан тіске кальций, фтор жетіспейді. Ағзаға дұрыс дәруменнің жетіспеуінен тіс жегі өте әлсіз болып келеді. Оған қоса өңірдегі уранның, экологияның нашарлығының салдарынан тіс жегі тез нашарлап кетеді. Тістің ауруы әлемдік проблема болып отырғандықтан, онымен күресу де оңай емес. Сол үшін әр адам өзінен бастап кішкентай кезінен тіске дұрыс күтім жасап үйрену қажет. Мұндайда ата-ананың баласына деген ақылы маңызды рөл атқарады. Бір ауданның өзінде қазір мыңдаған баланың тісінде проблемалар жетерлік. Мәселен, біздің емханаға күн сайын көптеген оқушы тісін емдетуге келеді. Келушілердің ішінде ауруын асқындырып алғандары да кездеседі. Тіс пен ми тікелей байланысты болғандықтан біз барлығына баса назар аударуға тырысамыз. Ал, асқынған тістерді біз ең әуелі рентген арқылы тексерістен өткіземіз. Егер науқастың тіс жегі көңілге күдік ұялатып, жағдайы ауыр болса, онда оны бірден аудандық ауруханаға жібереміз. Себебі, тіс асқынып, жақ сүйектері ісіп кеткен болса, науқастың өлу қауіпі бар. Бірақ, бізге келген балалардың барлығын өзіміз емдеп жазуға тырысамыз. Бізге баланың саулығынан асқан маңызды ештеңе жоқ. Сондықтан, әрбір бала өз тісіне қазірден күтім жасап, тіс тазалау гигенасын сақтауға кеңес береміз, – деді дәрігер.
Егер баланың саулығын ойласаңыздар тісті тәулігіне екі рет, таңертең және жатар алдында міндетті түрде жуу қажет. Бұл ретте тіс тазалауға арналған тіс пастасының да маңыз айта кеткен жөн. Ата-аналар көп жағдайда баласына дүкенде сатылатын қарапайым тіс пастасын алып бере салады. Негізінде балаға дәріханаларда сатылатын түрлі шөп-дәрілерден жасалған тіс пастасы тиімдірек болады.
Ал, балалар тіс дәрігері Жанар Нақыпқызының айтуынша, аптасына бір рет ауыз қуысын тексеріп отырған жөн. Алты жастан бастап баланың ауыз қуысындағы тіндердің саулығы тістің тазалығымен тікелей байланысты. Бала 7 жасқа толғанда тұрақты тістер пайда болып, уақытша тістер түсе бастайды. Ал 12 жаста тұрақты тістердің барлығы шығып болады. Осы уақытта тіс сау болмаса, ауыз қуысы бұзылады. 15 жаста тұрақты тістердің түбірі қатаяды. Егер осы кезде жақтың тістесуі дұрыс болмаса, жақ сүйегі бұзылып, өспей қалуы мүмкін. Дәрігердің айтуынша, жақ сүйектің аумағындағы өсінділер 23-25 жасқа дейін өсіп, тұрақталады. Сондықтан баланы жылына екі рет тіс дәрігеріне қарату керек. Егер бала жүйке, жүрек, омыртқа ауруларына шалдыққан болса, жылына үш рет тіс дәрігеріне апарған жөн. Мәселен, төменгі самай буыны омыртқа ауруымен тікелей байланысты екен.
– Тіс жегінің нашар болуына балалардың жейтін тағамдары да тікелей әсер етеді. Мысалы, балардың барлығы қуырылған картопты, қытырлақ чипстерді, Кола суысындарын, қытай өнімдерін сүйсініп жейді. Алайда осының барлығы тіс эмалына зиян екенін біле бермейді. Мұндай пайдасыз өнімдердің барлығы тістің шіруіне, тез құрттауына алып келеді. Сондықтан, ағзаға да, адам десаулығына да зиянды заттарды тұтынбаған абзал, – дейді балалар дәрігері Жанар Нақыпқызы.
23 қараша 2022 ж. 401 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930