Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Дархан Қыдырәлі облыс тұрғындарымен кездесті

Дархан Қыдырәлі облыс тұрғындарымен кездесті

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Сыр еліне жұмыс сапары аясында облыс тұрғындарымен кездесті. «Достық үйінде» өтіп жатқан жиынға аймақтың зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов Мемлекет басшысының ашық азаматтық қоғамды дамыту, жастар саясаты секілді негізгі салаларда атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Өз кезегінде Дархан Қыдырәлі Үкімет мүшесі ретіндегі алғашқы сапарын Алаштың анасы атанған Сыр елінен бастап отырғанын, негізгі мақсат аймақ халқының ұсыныс-тілегін тыңдау екенін айтты.
Айта кетейік, кездесуден соң министр «Достық үйінде» азаматтармен жеке қабылдау өткізеді.
03 қараша 2022 ж. 945 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031